«Бұл мен үшін үлкен жетістік». Роза Рымбаева «Қырғыз Республикасының халық әртісі» атанды

0

Роза Қуанышқызы Рымбаева «Қырғыз Республикасының халық әртісі» атанды, — деп хабарлайды Kznews.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтынасілтеме жасап.

19 сәуірде ҚР Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шара барысында Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы Сүйінбек Қасмамбетов мәдениет және өнер өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттау ғасырларға ұласқан достықтың, ортақ мәдениеттің, дамып келе жатқан ынтымақтастықтың белгісі екенін атап өтті. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамуына бағытталған қадам ретінде қарастырылуы керек екенін сөз етті.