ТЖ министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Төтенше жағдайлар министрлігі 21 сәуірде су тасқыны жағдайына байланысты мәлімдеме жасады.
ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды:
— ескерту сигналын алған кезде көршілерге ескертіңіз, мүгедектер мен балаларға көмек көрсетіңіз, нұсқауларды қатаң сақтаңыз;
— киімді, азық-түлік қорын, дәрі-дәрмектерді, құжаттарды су өткізбейтін пакеттерге алдын-ала дайындаңыз;
— барлық электр тұтынушыларын ажыратыңыз, газды өшіріңіз, пештердегі отты сөндіріңіз,
— терезелер мен есіктерді жабыңыз;
— тиісті рұқсатсыз эвакуациялық пункттерден шықпаңыз;
— балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
— егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні туралы ақпарат болса, ақпаратты 112 телефонына немесе сенім телефонына жіберіңіз.
фото: ТЖ министрлігінің баспасөз қызметі