Күзде әскерге кетіп оралмаған». 28 жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт анасымен қауышты

0

1996 жылы күзде әскерге кетіп оралмаған Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылының 1977 жылы туған тұрғыны Бейбіт Қозыбаевтың 28 жылдан кейін аман-есен табылған. Жақында анасы Маржан Қозыбаева туған ұлымен аман-есен қауышты, — деп хабарлайды Kznews.kz Atpress.kz-ке сілтеме жасап.

«Маржан апайдың бұл күнге де жетіп, туған ұлын құшақтап, сағынышын басқанын көзіміз көрді. Аудандық әскери комиссариатына келіп, баласын сұрап егілген ананың талай қиналғаннан есінен танып қалғанын да көргенбіз. Сол кездері оны не деп жұбатарымызды білмей, біз де қиналып қалушы едік. Бүгін міне, 28 жылдан кейін бауыр еті баласымен қауышқан ана үшін біздің де көңіліміз жай тапқандай болды», – дейді Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты, қорғаныс саласының ардагері Есенбай Нұров.

Бейбіт Қозыбаевтың қалайша жоғалғаны, не үшін осы уақытқа дейін оралмағаны жазылмаған.