«Салтанат тепе-теңдік сақтай алмай, өзі унитазға соғылды» — Бишімбаев

0

Бүгін, 2024 жылдың  3 сәуірінде, Астана қаласында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталып жатқан Бишімбаев ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп жазады, Kznews.kz.

Сот отырысында Қуандық Бишімбаев 9 қараша күні «Bau» ресторанында болған оқиға туралы баяндап жатыр. Оның айтуынша, Бишімбаевтың Нүкеноваға қол көтеретін ойы да болмаған. Марқұм өзінен-өзі әжетханаға қамалып алып, өзін соғып, себепсіз айғай салған.

«Мен оны әжетханаға қамалып алып не істеп жатыр деп қорқып кеттім. Сондықтан есікті сыртынан қағып, аша алмаған соң есікті сындырып кіруге тура келді. Мен оны ұрып-соққан жоқпын, ол унитазға бетімен құлап, соққы алды. Содан кейін екінші рет тепе-теңдік сақтай алмай еденге тағы да қатты құлады», дейді Бишімбаев.

Айта кетейік, екінші күнге жалғасып жатқан айыпталушының түсініктемесінен бұл оқиға тек марқұм әйелін айыптап жатқанын түсінуге болады. Айыпталушының сөзінше, 9 қарашада да марқұм Нүкенова түні бойы қайта-қайта өзі құлап қала берген. Денесіндегі көгерген, сырылған, т.б. іздер сол құлағанның әсерінен пайда болыпты.