Бишімбаевтың адвокаты: «Салтанат Қуандықты қорлап келген»

0

Бүгін, 2024 жылдың  3 сәуірінде Астана қаласында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталып жатқан Бишімбаев ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың адвокаты марқұм Нүкенова Бишімбаевты қорлаған деп есептейді.

Ол сұрақ қою барысында Бишімбаевқа  «әйеліңіз сіздің жеке басыңызға тиісіп, қорлық көрсеткен кездер болды ма?» деген сұрақ қойды. Сот пен мемлекеттік айыптаушы сұрақтың түсініксіз екенін ескертсе де, Бишімбаев сұраққа жауап бергісі келетінін айтты.

«Салтанат үшін менің жеке басымды қорлау, намысыма тиетін сөздер айту оңай еді. Ол ылғи мені бұрынғы жігіттерімен салыстыратын», деп жауап берді Бишімбаев.