Ақтауда сауда орталығындағы эскалаторға мінген 7 жасар қыз саусағынан айырылды
Жағдай 1-наурыз күні Ақтау қаласында болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бүлдіршіннің қазіргі жағдайы туралы айтып берді.
“Жеті жастағы қыз жаратқат алып, Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына түсті. Бала саусағының жартысынан айырылған. Дәрігерлер оны сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қызға қажет медициналық көмек көрсетілді. Науқас оңалту курсын өтіп жатыр. Қандай да бір болжам жасауға әлі ерте”, – деп мәлімдеді ведомство.
фото: liftmail.ru