«6 жыл ақша жинадым»: Әсел Асқар су жаңа жер үйін көрсетті

0

Танымал блогер, актриса Әсел Асқар жаңа үй сатып алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогердің айтуынша, бұл күнді ұзақ күткен. Көптен бері армандап жүрген жоспары іске асқанын айтты.

“Сүйінші! Алматының төрінен, Алатаудың бөктерінен үй алдым. 32 жастағы кішкентай ғана келіншек болсам да, көбісінің қолынан келмейтін үлкен іс жасадым. Осы үйді алу үшін 6 жыл бойы ақша жинадым. Өз мақсатыма жеттім. Пәтер емес, жер үй алуды ойладым. Сөйтіп 300 шаршы метр үй алдым. Құттықтап қойсаңыздар болады. Сіздерге де жұғысты болсын! Қуанғанымнан таңнан бері жүгіріп жүрмін. Тіпті мобилограф қызымды да демалысқа жібердім. Банкке де барып, контент те түсіріп үлгеріп жатырмын», – деді актриса.

Желі қолданушылары актрисаның қуанышына ортақтасып, жылы лебіз білдірді. «Құттықтаймын», «Жарайсыз», «Жұғысты болсын», «Осы үй бақыт әкелсін», «Қуаныштымын», – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Еске салайық, Әсел Асқар бейтаныс әйелді қуантып, оған сыйлық жасаған еді.