Оқытудың компьютерлік технологиясы | Скачать Курстық жұмыс
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ДҮНИЕТАНУЫН ОҚЫТУДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ
1.2 ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ДҮНИЕТАНУЫН ОҚЫТУДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ДҰРЫС
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
2.1 ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДА
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНҒАН ЭКСПЕРЕМЕНТТІК ЖҰМЫСЫМ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Шыдамды, сабырлы адам – бастаған ісінің
жақсы нәтижесін көреді, білімге құштар адам –
іздегенін табады (В. Ян).
Зерттеудің көкейкестілігі: ХХІ ғасыр – білімгерлер ғасыры болмақ.
Білімгерлерді аялап тербетер,
баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі ел алдындағы маңызы зор
міндет.
Еліміздің қоғамдық, экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын
әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты,
денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің ұстаздар қауымының
бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан – 2030 стратегиялық
жолдауында, 2007 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Білім тура-лы
Заңында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағы-нан
ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін да-
мыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл – ой қорын жинау
сияқты мақсаттарды көздейді. Қазақстан Республикасы жарияланған білім
беру басымдығына, жалпыға білім беру моделін әр адамға таңдау бойынша
білім беру моделіне көшуге негізделген. 1.
Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт
алуда. Бұл педагогика, әдістеме теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі
елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы
өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым –
қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда:
— Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттарды қабылдау
қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы
білім беру бағдарламасының нақтылануымен байи түсуде;
— Ақпараттық дәстүрлі – ауызша және жазбаша, телефон және радио-
байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
— Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани
баюына, азамат, тұлға ретіндеқалыптасуына көңіл бөлінуде.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін
ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендуруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты
міндеттердің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру
және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Бүгінгі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық (оқыту)
технология ұғымы терең тамыр жайды. Дегенмен де, осы ұғымды түсіну мен
пйдалануда әр түрлілік басым
Технология –Tehne – искусство, ремесло, мастерство, учение – деген
мағынаны білдіретін грек сөзі.
Технология — өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері
жайлы білім жиынтығы,- деп шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде анықтама
берілген.
Сонда педагогикалық технология дегеніміз не ? Белгілі практик
ғылымдардың осы сұраққа берген жауаптарын келтірейік.
Педагогикалық технология — педагогикалық мақсатқа жету үшін пайда-
ланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құрал-дардың
қолдану реті мен жиынтығының жүйесін бідіреді 2,5.
Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу
процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті
жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі (Монахов В.М.) 25,63
Технология – дидактикалық жүйенің процессуалды бөлігі. 22,88.
Педагогикалық технология – практикада іске асырылатын педагогикалық
жүйенің жобасы (Беспалько В.П.) 12,58.
Ал, педагогикалық жүйе – белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет
құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. Оқыту
технологиясы – оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту
процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оқыту
процесінде нақты жүйе қызметін атқарады (Селевко Г.) 11,25.
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық – педагогикалық
бағыттағы негізгі ой – тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
— есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді
пайдалана отырып, ақылды дамытатын оқуға көшу.
— Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп,
саралап оқыту бағдарламасына өту.
Қазіргі Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып
отырған нұсқалылыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкез кез – келген
үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр
түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге нагізделген
жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу
мазмұнымен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерне орай таңдап,
тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы
оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман
болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық,
кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтықжәне де басқа көптеген адами
келбетінің қалыптасуына игі әсекрін тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу –
тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Зерттеу мақсаты – мектептегі бастауыш сынып дүниетанусын оқыту
үрдісінде жаңа технологиялық әдістерді сабақ өту процесінде тиімді
пайдаланып, ерекшеліктерін теориялық жағынан негіздеп, әдістемелік талдау
жасау арқылы өмір практикасына енгізу, оқушылардың логикалық ойлау
қабылетін білімге деген көзқарасын және қызығушылығын арттыру.
Зерттеу объектісі – бастауыш сыныптағы дүниетану пәнінің оқу тәрбие
үрдісі.
Зерттеу пәні – жаңа технологияны ендіру жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы – егер мектептерде жаңа технологиялық
әдістерді дұрыс таңдап, пайдалана білсек, әр оқушының қабылетін танып,
біліп, дамытсақ, шыңдасақ, онда оқушылардың дүниетанулық білім деңгейлері
белгілі бір сатыға көтерілер еді..
Зерттеу міндеттері –
1. Тақырып бойынша материалдар жинақтау.
2. Оқушылардың қызығушылығын және қабілетін арттыру үшін әдістерді
тиімді пайдалану.
3. Педагогтардың кәсіби білімін, шығармашылық деңгейін көтеру, жаңа
технологияны қолдана білуді жетілдіру.
Зерттеу әдістері — тақырыпқа байланысты бұрын соңды шыққан
педагогикалық, әдістемелік, дүниетанулық және ғылыми – теориялық
еңбектерімен танысу, талдау жасау:
— бастауыш сыныптардағы дүниетану пәнінің бағдарламаларына,
оқулықтарына, жеке әдістемелік құралдарына талдау жасау:
— озат мектеп тәжірибесін жинақтау, талдау жасау.
— Зерттеу бойынша арнайы сауал – сұрақ, әңгіме жүргізу, пікір алысу,
дүниетанулық білім мазмұнын анықтап, сандық және сапалық талдау
жасау, жинақтау, қорыту.
— Тәжірибелік эксперимент жұмыстар қойып, оның нәтижелерін қорыта
отырып, мектеп тәжірибесіне енгізу.
Зерттеу орны – Тараз қ, №36 орта мектеп.
Курстық жұмысының практикалық маңыздылығы: Курстық жұмысында
ұсынылған әдістемелік нұсқаулар мектептің бастауыш сыныптарында
дүниетануны оқыту барысында кеңінен қолданыс табуда.
Курстық жұмысының құрылымы – курстық жұмысы кіріспеден, екі
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ
ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі- білім
беру прогресстің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге
келіп жетті. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту Тұжырымдамасында
қазіргі мектептер:
— практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы.
— Қоғамның интелектуалдық қуатын жетілдіру.
— Еліміздің материалдық- қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту.
— Орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т.с.с. міндеттерді көздейді
55,36.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әрі мұғалім күнделікті
ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-
қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі
жетілдіріп, тиімді тәсілдердің нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері
қажет.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған
оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде
жаңашыл, инновациялық деп атайды.
Мектеп практикасымен танысу барысында мұғалімдердің инновациялық
технологияларды біртіндеп қолдануға ұмтылғаны байқалады. Бірақта олар
инновациялық әдіс-тәсілдердің жалпы әдістерден айырмашылығы, оларды
қолданудың тиімді жолдары қандай деген мәселелерді анық-айқын біле алмайды.
ИННОВАЦИЯ — латын сөзі in- в, novis – жаңа жаңа, жаңалық,
жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И.Ожеговтың сөздігі бойынша: инновацияны
бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрыңғыныңорнын
басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес негізілген жаңалық. 32,24
90-жылдардың бас кезінде орыс ғалымдары Днепрова В.И.,
Золвязинский, Лазареваның еңбектерінде инновация ұғымы пайда болды. Олар
инновация ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру,
қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. М.М. Поташник, А.С.Лоренсов
жаңалық дегенді құрал ретінде, ал инновацияны осы тәсілдерді меігеру
үрдісі деп санайды 14,36.
Қазақстан мемлекетінде инновация ұғымын пайдалану соңғы бес
жылдыққа жатады. Ең алғаш инновация ұғымы қазақ тілінде анықтаған ғалым
профеор Немеребай Нұрахметов. Ол: Инновация, инновациялық үрдіс деп
отырғанымыз білім беру мекемелерігінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану
және таратуға байланысты бір бөлек қызметі -деген анықтаманы ұсынады.
5,25
Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың инновация аудармасын
жасаған, Ы.Алтынсарин атындағы білі проблемаларын ғылыми-зерттеу институты
әдіскері К.Құдайбергенова болып табылады. 23,56
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық
деп үш түрге бөлуге болады.
Модификациялық инновация – бұл қолда дамытумен, түрін өзгертумен
айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың дүниетануға жазған тірек конспектіс және
оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық инновация — бұрын пайдаланылмаған, белгілі
әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі
кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу
жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен мөлшерлерді,
параметрлерді, деңгейлік және сапалы көрсеткіштерін қалыптастырады.
Еліміздің егемендік алып, өмірдің барлық соның ішінде білім беру
саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы
кезеңге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі Республика оқу орындары, педагогикалық тұжырымдары
ұсынылып отырған көпнұсқалылыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-
келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алады. Бұл бағытта білім
берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге
негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту
технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық
ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше ауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны
меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани,
азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық
лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасына туралы
пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: Технология – бұл қандай да
болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы делінсе,
Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат
көдей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық
үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір
жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технологияны түпкілікті
өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі
түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы
құрылымы 47,88.
ЮНЕСКО – ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология-
бүкіл оқу үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-
біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере
отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі 6,14.
Педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат – мүддені
анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру
саласына қойылып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген
оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарын дидактикалық талаптарының
нұсқауларының жиыны.
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажет әдіс, тәсіл, амал,
дидактикалық талап секілді педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттердің
жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға,
ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық
қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне,
жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре
тамырының ролін атқарады. Былайша, айтқанда, педагогикалық технология оқу-
тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың
үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды
құрамдас бөлігі.
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне
байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден
қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-
ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. 7,33
Бірақ мұғалімдер оны өз тәжірибелерінде жүйелі қолдануға
дағдыланбаған және оны әдімтемеден ажырата алмайды. Оқытудың жаңа
технологияларын таңдаудың М.М. Поташкин ұсынған критерийлері:
— елдің, аймақтың, қаланың талап-тірегі – мектепке әлеуметтік сұраныс.
— мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар –мемлекеттік сұраныс.
— қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары.
— педагогикалық озат тәжірибе.
— Мұғалімдердің, мектеп басшыларынң іс-тәжірибесі, интуициясы,
шығармашылығы.
— Мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.
Бұдан педагогикалық технология таңдау барысында:
— алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға
сай болуы.
— Жүйелілігі.
— Тиімділігі т.б. ескертілуі керек деген қорытынды шығарады. 8.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен, мұғалім мен оқушының іс-
әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді:
А тұжырымдық негізі.
ә оқыту мазмұндық бөлімі:
— оқытудың нақты және жалпы мақсаты.
— Оқу материалының мазмұны.
Б Үрдістік бөлім – технологиялық процесс:
— оқу үрдісін ұйымдастыру.
— Оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары.
— Мұғалім жұмысының әдістері мен формалары.
— Мұғалімнің материалдары меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті.
— Оқу үрдісінің диагностикасы.
Қазіргі кезеңдегі педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі
жаңалықтарды топтастырады. 9,23.
Қай мемлекеттің де болмасын негізгі тірегі – асқақтаған күмбездер
де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер
де, белсенді адамдар. Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен
фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен
дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады. 2,23. Әрине,
келешектің иесі – жастар . Жастар өзінің ата – анасынан гөрі заманына
көбірек ұқсас келеді. 3,25. Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды
көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз.
Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі
де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып
, жаңа мақсат , жаңа көзқарас , жаңа шешімдер мен мүмкіншіліктерді қажет
етеді . Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді .
Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени – ғылыми прогреспен қамтамасыз
ететін ғажайып құбылыс , адам үшін де , қоғам үшін де ең жоғары құндылық.
Оның ең негізгі қызметі — адамның менталитетін , адамгершілігін ,
творчестволық қабілетін қалыптастыру , дамыту . Осыған орай егеменді
еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты – білім беру жүйесінің Білім
ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап береді .
Білім жүйесін дамыту страстегиясының басты мақсаты – ұлттық білім
моделін жасау .
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі
құндылығы ретінде тану , оның қоғамдағы орны мен рөліне , әлеуметтік
жағдайына , психикалық даму ерекшелігіне мән беру , сол арқылы оның рухани
жан – дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, творчестволық еркіндігі мен
белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік
беру. Яғни, ХХІ ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар
бойынша ой-өрісі кең , жан – дүниесі бай , ұлттық менталитеті жоғары,
кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасай алатын,
басқаның пікірімен санасатын, кез – келген ситуациядан шығудың жолын таба
алатын, жауапкершілік сезімі жоғары,
қоғамда белгігі бір роль атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болу тиіс.
Оқушылардың оқу іс- әрекеттері мен мұғалімдердің дидактикалық жаңа
амал-әдістерді қолдану жағдайындағы оқыту тиімділігін арттыру мен оқу
процесін өз мәнінде тиімді ұйымдастырмау нәтижесінде оқушылардың оқу және
мұғалімдердің оқыту уақытын тектен –текке жоғалтумен тиімді күрес жүргізу
алдымызға қойылған келелі мақсаттардың бірі.
Осы уақытқа дейін дүниетанудан білім беру жұмұстары жастарды жан
–жақты дамытудан гөрі, олардың тек қана білім алуы мен қабілетін арттыруға
бағытталып келеді.Бұл жұмыстар оқушыларды білім мазмұнының байырғы дайын
мәліметтермен таныстырып түсіндіру әдісіне бағытталған.
Қорыта келгенде айтарымыз дүниетанудан немесе осы ғылымның басқа
тарауларынан берілетін білім мазмұнының педагогикалық теориясы
технологиялық процесс арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бұл технологиялық
процесті іс-жүзінде теориялық биік деңгейде жоғарыдан құрып беру мүмкін
емес. Білім беру мазмұнының педагогикалық теориясын оқу процесті барысында,
мұғалімнің күнделікті сабақ беруге дайындығы кезінде, оқытуға қажетті
тақырыптың мазмұнын анықтап құруда технологиялық процеспен ұштастыру
табиғи қажеттілік болып табылады.Бұл аталған міндет, мәселелерді рет-
ретімен әртүрлі деңгейлерге шешу, оқушыларды оқытуға бөлінген уақытты
үнемдеу, олардың гигиеналық, физиологиялық, психологияляқ ерекшеліктерін
ескеру мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне тікелей байланысты.
Теориялық зерттеулер нормотивті-бағдарламалық құжаттар, оқу-
әдістемелік және дидактикалық материалдар арқылы сабақ кезінде жоспарлы
жаңа тақырыпты зерделеу арқылы тікелей жүзеге асырылады немесе бұл мақсатқа
жете алмай келешектегі орны толмас кемшіліктің негізін қалап, оқу барысында
артық жүктемелерді көтерулеріне әкеліп соқтырады.
Оқу процесінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы
және сабақ жүргізу тәсілдері мени амалдарына тікелей байланысты болып
келеді.Оқу процесінің дидактикалық негіздерін зерделеу және үйрену
мәселелері жекелеген пәндерді оқытуға қолданатын жалпы дидактикалық және
әдістемелік талаптарды ажырата білу қажеттерін дәлірек сезінетіні бізге
белгілі.Оқытудың әдістемелік жүйесі оқу процесін барынша дәлірек анықтап
береді.
Оқушылардың сабаққа дайындалу жауапкершіліктерін күшейту амалдарын
алдын-ала ойластыру қажет.Тек қана жазалау тәсілімен, зорлап оқытумен іс
бітпейді.Оқытушының ең басты міндеті-оқыту мақсатын негіздеп, оның
қажеттілігін және себебін оқушыларға дәлелдеп түсіндіру және сабаққа
қажетті даярлықты күшейту, яғни оқушылардың дайындық кезеңінің тиімділігін
арттыру болып табылады.
Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде біз оқу процесінің
тиімділігі мен сапасын арттырудың мынадай негізгі көздерін айқындадық:
— оқуды айқын жоспарлау және жобалау.
— Жоспарланған бағдарламалық негізгі материалдарды сабақ үстінде
меңгеру.
— Үй тапсырмасын дұрыс мөлшерлеу.
— Оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарын ұтымдылық пен мақсаттылық
тұрғысынан ұйымдастыру.
— Оқытудың жоспарланған нәтижесін нақтылау және айқындау.
Оқушыларды оқытудың сапасы көбінесе оқытудың әдістемелік жүйесіне,
оны оқушының тану өрісін кеңейтуде шығармашылық қабілетін дамытуға, өз
бетінше жұмыс істеуін жоғарылатуға, жалпы және салалық білімін қалыптастыру
пәнаралық байланыстарды іске асыруға, оқушылардың оқу көлемін
тұрақтандыруға, қамсыздан – дыруға байланысты.
Оқушылардың әр пәнді оқудағы танып, білуі мен іс — әрекетін
жоспарлау жұмысында, бұл жұмыстың қарқыны әр оқушының жеке басының
қыбілетіне сәикес болуына ерекше көңіл аудару қажет.
Сонымен бірге, оқушылардың жалпы және салалық білім мен
біліктілігінің қалыптасу деңгейіне негізделген үй тапсырмасын жоспарлау,
оларды таяу болашақтағы дамуын болжау, оқушы мен мұғалім арасында бірін –
бірі түсінушілік пен сынасуға негізделген сенімді және қолайлы қарым –
қатынас қалыптастыру маңызды орын алуға тиіс.
Оқу процесі оқытудың көбінесе соңғы қорытындысы мен нтижесіне
бағытталғаны дұрыс. Оқу пәндерінен сабақ беруде әдістемелік жүйені мейлінше
жетілдірудің маңызды бағыты болуы қажет. Оқытудың жоспарлары нәтижелері
мұғалімнің оқыту бағдарламасы мен нақты әдістемелік – ұйымдастыру қызметі
аралығында жұмыс жабдықтары екенін түсіну маңызды. Біріншіден, олар нақтылы
болып, сәйкес істің орындалуын тексеруге мүмкіндік беретіндей болуы қажет,
екіншіден, жалпы білім алу сапасы мемлекеттік стандарт қоятын талапқа әрбір
оқушының шамасы келетіндей болуы керек, пәнаралық байланыстардың
жасандылығы және олардың үстірттік шалағайлығы сын ескертпелер туғызады.
Пәнаралық байланыстар оқу жоспарлары бойынша істелген нақтылы оқу –
танымдылық қызметте іске асырылуы табиғи құбылыс.
Жоғары аталған кемшіліктер қоғам дамуының басты – басты
мәселелеріне көңіл аударып, педагогикалық ғылым алдында әдістемелік жаңа
оқыту технологиясын жасауды қойып отыр.
Оқытудың әдістемелік жаңа технологиясының жалпы құрылымы қандай
болуы керек? Әдістемелік технология дегеніміз – оқушыларды оқытудағы
бағдарламалық талаптарды қамтамасыз етудегі мұғалімнің сабақ берудегі
белгілі тәсілдерінің, амалдарының, әдістерінің жиыны. Оқытудағы жүйелілік,
бірізділік, тиімділік сияқты бұрын айтылған талаптарды ескеру, олардың
оқыту сапасын арттыру, пәнді толық меңгеру әдістемесін іске асыру секілді
негізгі мақсаттары мен топтасуы белгілі жағдайларда әдістемелік
технологияға әкеліп соғады.
Әдістемелік технологияның бұрынғы дәстүрлі оқыту әдістемемсінен
өзгешелігі неде?
1.Оқушылардың оқу, іс-әрекеттерінің жекшк бағыттары мен
деңгейлерін қалыптастыруға оқыту және жетілдіру құрылымының тұтастығы
сақталады. Оқу жоспарында пәндік курс бойынша негізгі оқу мазмұны туралы
мәлімет жеткілікті түрде бір мәнді баяндалады. Сонымен қатар, жалпы білім
беретін пәндерден бастап, пәндік білім оқушылардың қабілеті мен шамасы
жететіндей деңгейде беріледі.
2.Оқушылардың жалпы білімдік іс-әрекеті дамуының жалпы қазғалысын
ескере отырып, әр пәндік курс бойынша пәндік оқу және іс-әрекет сипатымен
пән мазмұнын сәйкестендіру қажет болған жағдайда оны дәлелдеп түзетіп
отырған жөн.
3.Оқу процестерінің негізделіп зерттеудегі дидактика жетістіктері
оқу әдістемесімен айналысып жүрген педагог мұғалімдерге қойылатын
жеткілікті дамыған оқыту ісіндегі құрылымдық талаптар жүйесін анықтайды. Ол
мұғалімдерге оқу бағдарламасының тауарларын анықтайтын сабақтар жүйесін
техникалық тұрғыдан ұтымды өткізуге мүмкіндік береді.
Еліміздің болашағы — бүгінгі балалар. Ал, олардың қандай азамат
болып шығуын қадағалау қазіргі мектептерге, мұғалімдерге тікелей жауапты
жұмыс.
Қоғамымыздың қазіргі даму дейгейі мектептегі білім беру жүйесінің
алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай
сұраныстарға орай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп
тәжірибесіне енуде. Осы педагогикалық технология терминіне мынандай
түсініктеме берілген: педагогикаляқ мақстақа қол жеткізу жолындағы
қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың
жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті. Мысалы, академик В.И.Монаховтың
технологиясы, В.К.Дьянченконың ұжымдық оқыту әдістемесі, профессор
Ж.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандыру технологиясы және тағы
басқалар. Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы
нәтиже көрсетіп жүр. Аталған технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде
пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушының жас ерекшелігін
ескере отырып, педагогтық мақсат-мндет, мүддесіне сай өзінің шеберлігіне
орай таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі,
шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі алдындағы
шәкіртін бағалауды, өз мамандығында ерекше орын алады. 21,10.
Деңгейлік саралау технологиясы. Бұл технология дамыта оқыту
идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені, ол оқушылардың ойлауын,
елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділгін, білім сапасының дамуына
көмектеседі.
Деңгейлік саралау технологиясы оқушылардың да белсенді
шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Осыған сәйкес дүниетану, ана
тілі, қазақ тілі, дүниетану пәндері бойынша деңгейлік тапсырмалар беріп,
оқушыларды қалыптастыруға болады. Бұл жұмысты жүргізу мұғалімнің
шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды
қызықты етіп құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындауын қадағалау қажет.
Мысалы, дүниетану сабақтарында оқулықпен ғана шектеліп қоймай, әр түрлі
қызықты есептер берілуі тиіс. Сабақты қызықьы етіп өткізу үшін мұғалім өзі
даярлығы керек, яғни мынандай нәрселерді ескеруі шарт:
— дүниетану сабақтарында оқушылардың ой еңбегі мен қабілетін арттыру және
дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу.
— Берілген есептердің шығару тәсілдерін біліп, оны ұғыну.
— Қосымша әдебиеттер оқып, білімді күнделікті толықтыру.
— Есеп шығарудың әртүрлі жолдарын, тәсілдерін игеру.
— Оқушылардың қызығуын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдалану
12,11.
Әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру оңай шаруа емес, ол үшін
шығармашылық тұрғыдан ізденіс, шыдамдылық жүйелі жұмыс жасау қажет. Жаңа
технологиялық әдістердің пайдасымен қоса, оның қиындық туғызатын жерлері де
бар:
Тиімді жақтары:
— әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
— Оқушының жеке қабілеті айқындалады.
— Іштей бір-бірінен қалмауға тырысады.
— Тапсырмалардың күрделену деңгейіне сәйкес оқушылардың ойлау қабілеті
артады.
— әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады.
— Сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өзінің алатын бағасын
біліп отырады. І-деңгей-3, ІІ-деңгей-4, ІІІ-деңгей-5.
— Жұмыс дәптерінің соңына әр деңгейдегі орындағаны жайлы белгі қойып,
жинаған ұпай санын оқушылар өздері жазады.
— Даму мониторингін құрып, оқушылардың дамуын қадағалау және ата-
аналарымен байланыс жасауға жеңілтік туғызады.
— Бір ғана сабақта есептің бірнеше түрін шығарады.
— Жаңа оқулықтардағы тапсырмалар осы технологияға негізделіп берілген.
12.
Бұл әдістерден оқушыларға қиындық жағы болғанымен, мұғалім үшін
туғызар қиындықтары көп. Әсіресе, дүниетану пәні кезінде деңгейлік
тапсырмаларды техникаландырып, дұрыс болған жағдайда ғана келесі деңгейге
көшу керек, осы кезде мұғалімге бүкіл сыныпты тексеріп шығу өте қиын. Бұған
– бірте – бірте төселіп, ыңғайлы болу үшін бір қатарға үшінші деңгейді,
бірдей уақытта орындайтын оқушыларды отырғызуға болады. Және де екінші
қатарға екінші дегейді бірдей уақытта орындайтын оқушыларды отырғызған жөн.
Болашаққа ұрпаққа өмір талабына сай білім беруді басты мақсат еткен
ұстаздар қауымы пәндердің әдістемесін қолдануды. Жоспарла мынаған келіп
тіреледі. Олар білім беру барысында әрбір жаңа педагогикалық технологиялар
мен әдістерді міндетті түрде пайдалану қажет:
Бастауыш мектеп:
— дамыта отырып оқыту әдістемесі: Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов,
В.В.Репкин, В.А.Левин.
— дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі П.М.Эрдниев.
— түсініктерді қабылдау С.Н.Лысенкова.
— нәтижелі әдістемелер және оны қабылдау.
— Іс-әрекетті бағалау Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков.
— Оқулықсыз оқыту В.В.Агеев.
— Ойын әдістемесі және оны қабылдау.
— Монтесори, Р.Штейнердің жүйесін қабылдау.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда тиімді әдістерді пайдалану арқылы
оқушының білімге деген қызығушылығын арттыруға, терең ойлау қабілетінің
белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа
ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын
дәлелдей алатын тұлғаға айналады. 13,98.
Жоғарыда берілген жаңа әдістерді мектептерде қолдану – мұғалімнің
шеберлігіне, іскерлігіне байланысты. Болашақ білім беру үшін және
тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге
асырып, әлемдік педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр
ұстаздың міндеті екені сөзсіз.
1.2 ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Қоғамдық дамудың жаңа кезеңінің талаптарына орай мектептердегі оқыту
жүйесі бірқатар өзгерістерге ұшырауда. Оған мына жағдайларсебеп болуда:
— ақпараттық технологияның жедел дамуы;
— жаңа үлгідегі мектептің пайда болуы;
— дарынды балалармен жұмыс істеу бағдарламасының дүниеге келуі;
— балаларды шетелдерде оқыту мүмкіндігі.
Осы қағидалардың мән-мағынасын жете түсіну, балаларға білім бері
кезінде бұл тұжырымдарды басшылыққа алу — әрбір ұстаздың мызғымас
қағидасына айналуы керек. Өйткені, әрбір жаңа іс пен тың бастаманың өмір
талабынан туындайтыны секілді, мектептерде бала оқытудың, оларға сапалы әрі
терең білім берудің алғышарты — өмір талап етіп отырған жаңа технология
болуы керек.
Жаңа технологияны пайдалану арқылы оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі
мақсат – баланың қабілетін ашу, соның негізінде , ой-өрісін дамыту,
белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін күшейту, өзін-өзі тәрбиелеуге
бағыттау.
Оқу-тәрбие үрдісінің жаңа технологиясы В.Г. Беспальконың, В.В.
Фирсовтың, В.М. Монаховтың, Ж.А. Қараетың еңбектерінде зеттеліп келген еді
. Мәселен, В.П. Беспалько оқу материалдарын меңгерудің 4 деңгейін ұсынады.
Олар: оқушылық, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық.
1. Оқушылық деңгейде тәрбиенің дұрыс берілуі – деңгейлік тапсырмалардың
жүзеге асырылуы бағдарлама талабына сәйкес жүргізіледі.
2. Алгоритмдік деңгейде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде алда қойылған
талаптардың қаншалықты түсінікті, мазмұнды болғандығы деңгейлік
тапсырмалардың күрделене түсуі арқылы аңғарылады.
3. Эвристикалық деңгейде оқу-тәрбие ісінің жүйелілігі, сабақтастығы,
ізденушілік ерекшелігі басым болады да, деңгейлік тапсырмалардың танымдық
жағынан жетілуіне, тереңдетілуіне айрықша назар аударылады.
4. Шығармашылық деңгейде тапсырмаларды орындаудағы ізденімпаздығы олардың
танымдық, рухани, интеллектуалдық шеберлігімен ұштасады.
Профессор Ж.А. Қараев өзінің Оқытудың педагогикалық технологиясы деген
еңбегінде оқытудың деңгейлік жүйесі жөніндегі бұрынғы ой-пікірлерді
тереңдете келіп, оқушылардың білімі мен білігін, танымы мен белсенділігін
дамытуда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар жүйесін қолданудың бірден-бір
тиімді әдістеме екенін дәлелдейді.
Педагогикалық технология ұғымы үш деңгейде қолданылады
Жалпы педагогикалық – педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Оған:
мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесіеің
субъектілері мен объектілерінің әрекет алгоритмі кіреді.
Салалық (пәндік) – бір пән шеңберіндегі оқыту, тәрбие мазмұнын жүзеге
асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.
Локальдік (модульдік) – жеке әрекеттер технологиясы, ұғымды
қалыптастыру; дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабағының
технологиясы; жаңа материалды меңгерту технологиясы; қайталау және
бақылауды ұйымдастыру технологиясы; жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы.
Салалық (пәндік) және локальдік (модульдік) деңгейлепоқыту әдісімен
үндес, тек айырмашылық технологияда процессуалдық өлшемдік, сапалық және
вариативтік – бағдарламалық компоненттерге басым көңіл бөледі.
Технология әдістемеден оқыту әрекеттерінің өңдеуге болатындығымен
ерекшеленеді.
Педагогикалық технология құрылымы
1. Концептуалдық негізі.
2. Мазмұндық бөлімі:
• жалпы оқыту мақсаты,
• нақты оқыту материалының мазмұны.
3. Процессуалды бөлігі – технологиялық процес:
• оқыту процесін ұйымдастыру;
• оқушының оқу әрекетінің әдістері мен түрлері;
• ұстаздың оқу материалын меңгеру процесін басқару әрекеті.
— оқу процесін диагностикалау.
Сонымен бірге, кез келген педагогикалық технодогия негізі
методологиялық талаптарды қанағаттандыруы керек.
Методологиялық талаптар:
1. Концептуалдық негізінің болуы. Қандай технология болса да
философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми тұжырымдамаға негізделуі
тиіс.
2. Жүйелілігі. Педагогикалық жүйенің барлық бөліктерінің логикалық
байланыста болуы шарт.
3. Басқаруға оңтайлығы. Диагностикалық болжау жасауға, жоспарлауға,
нәтижені өңдеу, өзгеріс енгізу мақсатында әдіс-тәсілдерді кезектеп
пайдалану мүмкіндігі болуы керек.
4. Тиімділігі. Білім беру стандартын қанағаттандыру тиіс.
5. Қайталауға жарамдылығы. Басқа ұжымда дәл осы күйде қолдануға
мүмкіндіктің болуы.
Педагогикалық технологияның даму көзі … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz