Білімді жас токарьлар — Ашық сабақтар — Bilim
Білімді жас токарьлар
Сыныптанм тыс іс шара
Күні: 16.11.2018
Өткізілу түрі: топ аралық сайыс
Тақырыбы:Білімді жас токарьлар
Шараның мақсаты:Студенттерге токарь мамандығы туралы қосымша
мағұлматтар беріп білімдерін шыңдау
Білімділік: Токарь, токарлық станок туралы мағлұмат беру
Дамытушылық: Студенттердің токарлық істе білімдерін сайыс арқылы анықтау
Тәрбиелік: Студенттерге берілген тапсырмаға, іске жауапкершілікпен қарауға
тәрбиелеу
Шараның материалдық-техникамен қамтамасыз ету.
Слайд, сурет
Шараның мазмұны:
Топ аралық сайыс
Армысыздар қымбатты ұстаздар мен студенттер бүгінгі топ аралық сайысқа қош келдіңіздер!
Мамандығы: «Токарлық іс және металлөңдеу»
Жүргізуші: өндірістік оқыту шеберлері: Махаббат О.
Искаков А.М
Әділқазы алқалары:Бекбосын Тоғжан Әндірқызы
Абышев Ришат Советолдаевич
БеделбаевТурсынбайКабылбаевич
Габылбаев Мурат Аблахатович
Команданы таныстыру
248 топ 254 топ
1.Топ басшысы:Әндір Ербол 2. Топ басшысы:Уәлибек Әлішер
Топ қатысушылары:Серік ДамирТоп қатысушылары:Құмаров Нұржан
Жабықбай Ерқанат Төлебаев Ердос
Сағымбай Рауль Тілеуғали Әмір
Таибагаров Нурболат Айтан Әділхан
257 топ
3. Топ басшысы:Анаров Диас
Топ қатысушылары:Рахметов Мұхамедали
Қабдрасил Рымжан
Бекдәулет Әділ
Тұрсынов Алмаз
1.Сайыс
Ойлан тап
Ойлан тап ережесі: Әр топтың қатысушыларына жеке-жеке станоктың құрал-саймандары көрсетіледі. Студенттер оның анықтамасын айту керек.Атын айтса 5 балл. Анықтамасына 10 балл
248-топ
1- Сағымбай Рауль:
Жауабы: Қажақтау қағазы. Дайындаманың сыртқы бетінің тазалық, дәлдік класын жоғарлату мақсатында ажарлайды.
2- Таибагаров Нурболат:
Жауабы:Бұрғыны бекітуге арналған патрон. Цилиндрлік сағалы бұрғыларды және центрлейтін бұрғыларды орнатуға арналған. Бұрғыны орнатып сомын кілт алқылы қатайтамыз.
3-Жабықбай Ерқанат:
Жауабы: Фасонды кескіш. Фасондық беттерді өңдеуге арналған кескіш. Бұл кескішті қолданудан бұрын токарлық кескіштерді қолданып бетті өңдеп аламыз, сосын фасондық кескішті қолданамыз.
4- Серік Дамир:
Жауабы: Токарлық станоктың артқы тұғыры (бабка). Артқы тұғырда ұзын дайындамалардың екінші жағын ұстап тұруы үшін центрлерді, дайындамаларды бұрғылау үшін бұрғыларды және бұрғыларды орнату үшін кішкентай патрондарды т.б құралдарды орнатуға арналған.
5- Әндір Ербол:
Жауабы: Фрезалар. Фреза — фрезерлеу, бұрғылау, токарлық станоктарда қолданылады кескіш құрал. Өңдеу дәлдігі жоғары және әр түрлі формадағы бұйымдарды жонуға, кесуге, бұрғылауға арналған әмбебапты кескіш құрал.
254-топ
1-Уәлибек Әлішер:
Жауабы: Токарлық кескіштер. Токарлық станокта қолданылатын кескіш құралы. Дайындаманы кесуге, ішкі және сыртқы беттерін жонуға арналған.
2- Құмаров Нұржан:
Жауабы: Центрлейтін бұрғылар. Токарлық станокта және бұрғылау станогында қолданылады. Дайындаманы бұрғылау кезінде центрін табу үшін қолданылады.
3- Төлебаев Ердос:
Жауабы: Токарлық кескіш ұстағыш. Кескіштерді орнатуға және қажақтау қағаздарын және т.б токарлық кескіштерді орнатуға арналған.
4- Тілеуғали Әмір:
Жауабы: Бұрандакескіш. Токарлық станокта қолмен және автоматты тәсілдермен бұранда қиюға (оюға) арналған. Дайындаманың сыртқы бетіне әртүрлі қадамдағы бұрандаларды қиюға (оюға) арналған.
5-Айтан Әділхан:
Жауабы: Бұрандаойғышұстағыш. Ішкі бетке бұранда ою (қию) кезінде бұрандаойғышты ұстап тұруға арналған.
257-топ
1-Анаров Диас:
Жауабы:Айналмалы центр. Артқы тұғырға орнатылады. Токарлық станокта ұзын дайындамаларды өңдеу кезінде дайындаманың екінші жағын ұстап тұруға арналған.
2-Рахметов Мұхамедали:
Жауабы:Бұрандаойғыш. Токарлық станокта қолмен және автоматты тәсілдермен бұранда оюға (қиюға) арналған. Дайындаманың ішкі бетіне әртүрлі қадамдағы бұрандаларды оюға (қиюға) арналған.
3- Қабдрасил Рымжан:
Жауабы: Әмбебапты үшжұдырықшалы патрон. Дайындаманы қысуға арналған. Токарлық станоктың айналдырығында орнатылған. Әмбебап үшжұдырықшалы ортаға жылжитын токарьлық патронның үш жұдырықшасы болады, олар бір мезгілде орталыққа жиналады немесе одан таралады.
4- Бекдәулет Әділ:
Жауабы: Бұрғы. Токарлық және бұрғылау станоктарында тұйық және өтпелі тесіктерді бұрғылауға арналған.
5- Тұрсынов Алмаз:
Жауабы: Бұрандакескішұстағыш. Сыртқы бетке бұранда қию (ою) кезінде бұрандакескішты ұстап тұруға арналған.
2. Сайыс
Алтын сандық
Алтын сандық ережесі: Әр топ көрсетілген сандықты таңдау арқылы, сол сандықтан шыққан сұраққа жауап береді.
Әр сандықтағы сұрақтарға әр түрлі балл беріледі(30 баллдан бастап 50 баллға дейін)
Сандықтардағы сұрақтар:1-сандық (Кесу тереңдігін анықтау:Д-40мм, д-15мм,t-?)
Жауабы: 12,5(30 балл)
2-сандық(Кесу бұрышы мен кескіштің қайрау бұрыштарын анықтау:
Алдыңғы бұрыш-? Ұшталу бұрышы-63
Артқы бұрыш-70 Кесу бұрышы-?
Жауабы: 133, -43 (50 балл)
3-сандық(Ұстағыштарға қатысты кесу бөлігінің формасы мен орналасу жағдайына
қарай кескіштер бөлінеді
Жауабы: оң және сол (30балл)
4-сандық (Шарықтас пен қолғабысшы тірек арасында болуға тиісті саңылау)
Жауабы: 3мм – ден аспауы тиіс (40балл)
5-сандық (Кесу жылдамдығының формуласы?)
Жауабы: (м/мм), (50 балл)
6-сандық (Токарьлы станоктың жүріс білігінің қызметі
Жауабы: фортунаны жылжытып отыру үшін (40балл)
3.Сайыс
Біліктілер сайысы
Біліктілер сайысының ережесі: Барлық топқа бірдей дайындама суреті беріледі. Студенттер дайындаманы өңдеу операцияларын сызып көрсету керек(50 балл)
Берілетін уақыт 5 минут.
Жеңілпаз атанған топты марапаттау
Құрметті ұстаздар мен студенттер осымен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.
Топ шеберлері:Махаббат О_____
Искаков А.М______
Имандосов Б.Т______
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ “ҚАПШАҒАЙ КӨПСАЛАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ” МКҚК
Келісілді Қаралды Бекітемін
Ә/Б жетекшісі Әдіскер Оқу және өндірістік оқу
Махаббат О Бекбосын Т.Әісі жөніндегі директордың
_________ __________ орынбасары
«___» ___ 2018ж « ___» ___ 2018ж Қадырова Ә.Ә __________
« ___» ___ 2018ж
Сыныптан тыс шара
«Токарлық іс және металл өңдеу» мамандығы бойынша
Тақырыбы: «Білімді жас токарьлар»
Өндірістік оқыту шеберлері:Махаббат О
Имандосов Б.Т
Искаков А.М
Қапшағай 2018 ж
Дереккөз: http://bilim-all.kz/