Отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланыс орнатудың мүмкіндіктері

0

Мазмұны

Кіріспе.

1 ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘНІ.
1.1. Отбасындағы халықтық педагогиканың мәні.
1.2. Отбасындағы тәрбиенің қазіргі кезеңдегі жағдайы.

2 ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ОТБАСЫНДА ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ.
2.1. Отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланыс орнатудың
мүмкіндіктері.
2.2. Ата-аналарды педагогикалық білімін көтеруге баулу әдістемесі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Елімізде болып жатқан елеулі өзгерістерді
болашақ ел азаматтарын тәрбиелеуде ұтымды пайдаланып, жас ұрпақтың бойына
ұмытылып бара жатқан ұлттық асыл қасиеттерімізді қайта сіңіріп өсірсек
деген мақсат – білім беру саласындағы аға буындар мен педагогтардың ата-
аналардың алдындағы үлкен міндет болып отыр.
Қазіргі жаңару кезінде біздің қоғамымыздың іргелену процесінде адам
факторын және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту
жағдайында бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемалары күрделеніп отыр.
Сондықтан қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістерге байланысты заман талабына
сай, баланы жастайынан өмірге дұрыс даярлау, мектеп мұғалімдері,
отбасындағы ата-аналардың тәрбиесін бағыттағы жұмыстары жемісті болу үшін
олардың арасында толық ынтымақтастық қалыптасу керек.
Негізінде бұл екі маңызды элемент бала тәрбиесінің негізгі көзі
болып табылады және өз бетінше бөлек толық функция атқара алмайды. Тек қана
екеуінің арасындағы толық ынтымақтастық, өмірге жаңашыл, толық тәрбие алған
тұлға даярлауы мүмкін.
Бүгінгі күнде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттың мұраттар мен
дүниежүзілік рухани бай қазыныдан нәр алумен ұштастырылып жүргізуді талап
етеді.
Біздің қоғамның тәлім-тәрбие тәжірибесі көп жылдар бойы
біржақтылықпен жүргізіліп келді, жалпы адамзаттың құнды игіліктерден
оқшауласып, ұлттық сана-сезімінің дамуына рухани, мәдени байлықты ұлттың
тәрбиесінің бай мұрасын игеруге көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың
басым көпшілігінің өз халқының тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-
санасын, ұлттың дәстүрлерін жете білмеуіне әкеп соқты.
Сондықтан соңғы жылдары әлемдік, отандық, ұлттың негізінде кеңінен
тәрбие беру міндеттеріне сай Республикамызда ондаған жаңа концепциялар,
тұжырымдамалар, бағдарламалар және заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында: Үйелмен
қалыптасып келе жатқан жеке адамның үйелменді дамуы, оның қоғамға сай
болуы, ұлттың және адамзаттың қазыналардың нәр алуы үшін жауапты болады.1
Балалардың үйелменде тәрбиеленуі олардың білім беру мекемелерінде
тәрбиеленуімен етене ұштасып жатады делінген.
Біздің мемлекет отбасындағы қарым-қатынас дұрыс, жақсы тәрбиеленуіне
ерекше көңіл бөледі. Адамгершілігі мол, берік ұйымдасқан жанұя жұмысынан
жақсы нәтиже шығады.
Ана мен баланы қорғау жұмысын күшейту туралы шыққан – заң отбасындағы
қарым-қатынастың нығаюына баланың отбасындағы тәрбиесінің жақсартуына
бұрынғыдан ғөрі күшейтеді.
Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады, адамгершілік
тәрбиесінің негізі құралады, айналадағы дүниеден қарапайым мәлімет
беріледі.
Олай болса, тәрбие негізі бесіктен бастау алады дей отырып, төменгі
сынып оқушыларының отбасындағы дұрыс тәлім-тәрбие алуындағы жағдайларды
дамытудан бастауымыз керек.

Зерттеудің міндеті. Бірінші міндет оқушылардың ата-анасына, ұстаздарына
өз халқы мен Отанына, айналасындағы жора-жолдастарына сыйласымдылығын
арттыру, инабатты болу, сүйіспеншілігін қалыптастыру, туған жеріне
патриоттық сезімін, мінез-құлқы әдептерін дамыту.
1. Өмірден мысал келтіру.
2. Үлгі боларлық адамдармен танысу, қарым-қатынас жасау.
3. Ұстаздарды үлгі-өнеге ету.

Зерттеу проблемасы. Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісінде
оқушыларға отбасылық тәрбие, білім берудің педагогикалық-психологиялық
негіздерін қарастыру, оның жолдары мен мүмкіндіктерін айқындап, оның
негізінде оқушыларға отбасылық тәрбиенің дұрыс жүзеге асуына себепші бола
алатын әдіс-тәсілдермен оқыту түрлерінің әдістемесін дайындау болып
табылады.
Зерттеу мақсаты: Жалпы орта білім беретін мектепте оқушыларға отбасы
туралы білім беру мен тәрбиелеуді сабақ барысында, әдістемелік талдау жасау
арқылы оқушыларды сауаттандыру.

Зерттеу пәні: Оқушыларға мектепте пәнаралық байланыс және сыныптан тыс
жұмыстарда отбасындағы тәрбиелеудің жүйесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер төменгі сынып оқушыларының бойында
отбасы нормаларын қалыптастыратындай талаптарды жүзеге асырса онда,
оқушылар бойында отбасындағы адамдарға деген сүйіспеншілік, мейірімділік
қасиетін туғызуы мүмкін.
Ол үшін:
1. Әңгіме сағатын өткізу (пікірталас, ойтолғау сайыс сабақ т.б.).
2. Өлкемізге топтық саяхат жасау (зерттеу жұмыстарын, таңғажайып әлемді
тамашалау).
3. Ситуациялық жағдайлар туғызу (оны шешудің проблемалық жолдарын іздеу).
4. Ауыз әдебиеті – халықтың асыл қазынасы арқылы адамгершілік қарым-
қатынаста тәрбиелеу.

Зерттеу базасы: №48 Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ орта мектебі,
3 “А” сыныбы.

Зерттеу әдістері:
1. Тақырыпқа байланысты педагогикалық, психологиялық, теориялық
еңбектермен танысып, талдау жасау.
2. Өз халқымның әдет-ғұрпын, өмірін, мәдениетін сақтай білу үшін ата-
бабамыздың өсиетін үйрену және оны насихаттау.
3. Халық педагогикасының қайнар көзін ашу. Ол үшін біздер өз ұлтымыздың
салт-дәстүрін, әдебиетін, мәдениетін терең зерттей отырып, үйреніп,
жас ұрпақты да, ата-ананы да сол бағытқа бейімдеуіміз керек.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ — ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ.
1.1. Отбасындағы халықтық педагогиканың маңызы.

Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу
керек. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін
ұрпақ қана болашақ ел тірегі бола алады.
XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер,
баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі — ел алдындағы маңызды зор
міндет.
Қазақстан Республикасының ата-заңының 27 бап, 2- тармағында Балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі
парызы делінсе.2, Қазақстан 2030 бағдарламасында Әкелер мен аналардың,
аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін
күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді
сонау алыс болашақта, олар біздің жасызмызға жеткен кезде, қандай күйде
көреміз делініп, ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдарын қатар қойған. Олай
болса, Халықтық педагогика маңызы тұжырымдамасын жасау да ұзақ мерзімді
2030 бағдарламасына сай іске асырылуы тиісті және кезек күтуге кейінге
қалдыруға болмайтын мемлекет деңгейінде шешімін күтіп тұрған мәселе.3
Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызы зор міндет. Еліміздің қоғамның
экономикалық саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға
көтерілетін білімді де, мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат
тәрбиелеп шығару – мектептің ұстаздар қауымы, ата-ананың бүгінгі таңдағы
баға жетпес міндеті.
Адам ұрпағамен мың жасайды – дегендей, ұрпақ тәрбиесі – қай кезде
де халықтық мәселе болған. Тарихтан білетініміз: дарындылар, қабілеттілер
аса жоғары бағаланған. Содықтан, қазіргі таңда мектеп мұғалімдері, ата-
аналар алдында тұрған аса маңызды міндет – талабы таудай жеке тұлған іздеп
тауып, оны өсіріп шығару. Ал еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілеті жоқ
адамның болмайтынын педагогикада дәлелденген. Оқушының талантын тауып,
дарынын дамытар жұмысты кіші сыныптардан-ақ бастап жүргізу керек екені
айдай анық.
Аталған міндетті жүзеге асыру тәрбиеші педагогтардан ғана емес,
әрбір отбасынан баланы тәрбиелеуге саналылықпен қарап ерекше көңіл қойып,
озық іс-тәжірибелерді пайдалануды талап етеді. Сондықтан бала шыр етіп
дүниеге келген күннен бастап кемелденіп азамат болып қалыптасқанға дейінгі
жан-жақты тәрбие беруді ұйымдастыру, жүзеге асыру отбасы мен мектепке
дейінгі тәрбие мекемелерінің басты міндеті десек те болады.
Яғни, үздіксіз ұрпақ тәрбиесі мәселесіне ерекше көңіл қойып
қарайтын болмақ, педагогика, психология және физиология ғалымдарының
дәлелдеуі бойынша ұрпақ тазалығынан, ана құрсағында жатқанда-ақ бастау
керек деген пікірді қолдап, іс жүзінде қолға алу кезек күттірмейтін мәселе
болуға тиіс.
Бала бақшада тәрбиеленіп, жан-жақты тәрбие алатыны сөзсіз.
Бірақ, отбасында берілетін тәрбиенің орны ешуақытта басқа тәрбие баса
алмайтыны да, оның мазмұнының ерекшелігі де әрбір көзі ашық адамға белгілі
жайт.
Халық педагогикасы отбасындағы тәрбиенің негізі болып табылады.
Ұрпақ тәрбиесі халық педагогикасы туралы айтқанда қоғамдағы басты мәселе
ата-ана мен бала, үлкен мен кіші арасындағы сыйластық.
Отбасылық тәрбие мәселесін А.С.Макаренко, В.В.Петровский,
В.Дружинин, Маргарет Мид, Ы.Алтынсарин және тағы басқалар еңбектерінде
терең, тиянақты зерттеген.4,5,6,7,8.
Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге даярлауға Н.С.Верещагина,
З.Д.Жантекеева, Ж.Сакенов, Б.Ж.Құлжанова, Ж.Т.Сарыбекова және тағы
басқалардың зерттеулері арналады. 9,10,11,12,13.
Соңғы зерттеулерде шетел және ТМД ғалымдарының (М.М.Проконьева,
Б.М.Борлакова, Т.Н.Ушинина, А.А.Григорьев) отбсылық тәрбиеге үлкен мән
бергендігін көреміз. 14,15,16,17.
Бала негізгі іс-әрекеті — ойын, алғашқы аялы сезімдерін өзінің
сүйікті ойыншықтарына білдіреді. Оларға ақыл айтып, тапсырмалар беріп,
ескертулер жасап, ересектерден өздері естіген мақтау сөздерін айтып,
жыласа жуатып, мейірімге бөлейді. Міне, осының өзі-баланың жүрегінен
шыққан имандылықтың алғашқы көрінісі бала өскен сайын мейірімділікке саналы
түрде өзінен жасы үлкендерге де құрбыларына да жасауға тырысады.
Бала екі жастан бастап жағымды және жағымсыз қылықтарды ажырата
бастайды, өзін жағымды жағдайда ұстауға ұмтылады. Бұл баланың өзінің
істеген жайсыз істеріне ұялу сияқты жуапкершілік көзқарастың алғашқы
сатыларының яғни, имандылығының іштей оянуы десек те болады. Ойын барысында
достық, сыйластық қатынасқа үйренеді. Өз ойыншығын, қолындағы тәттісін
жолдасына бөліп беруге төселеді. Сәби баланың отбасында көріп
білгендері,естігентдері арқылы мінез-құлықтары жаңа сапаға ойысады. Бұл жас
шамасында бала мінезіндегі қайырымдылық, ұқыптылық, әділдік сияқты
имандылық тәрбиесінің көріністері бірте-бірте айқындала түседі., сонымен
қатар тәрбиедегі кейбір кемшіліктердің салдарынан, мысалы: ең әдемі
киімдер сенікі, бұндай ойыншықтар сенен басқа ешкімде жоқ, өзің ғана
ойна, деген сияқты теріс тәрбие ықпалынан, қайырымсыз, өзімшіл, өркөкірек,
қомағай ұл-қыздарды тәрбиелеп жатқанымызды байқамай қалуымыз хақ. Ұсақ
түйек жайсыз қылықтардың өзінен баланың жағымсыз мінездері қалыптасады.
Сондықтан баланы жақсылыққа толы сезімге тәрбиелеу, барынша жақсы жағдайлар
жасау, үлгі-өнегелер көрсету ауадай қажет. Мейірімге толы, қайырымдылыққа
толы қарапайымдылыққа балаға жарасымды мінез-құлықтардың мол дәнін себеді.
Мысалы: бір шаңырақтың астындағы ата-ананың бірін-бірі сыйлауы, бір-бірінің
беделін көтеруі, ер балаға қыз баланы сыйлауды үйретеді.
Бала отбасында рұқсат, рұқсат етілмейді, саламатсыз ба!,
сау болыңыз!, кешіріңіз сияқты сөздердің мәнін түсініп, өз өмірінде
ескеруге төселгені пайдалы.
Қазақ халқы өте қонақжай халық. Сәбилік шақтан бастап, қазақ
баласын үйге келген қонаққа сәлем беру, киімін алу сияқты тәрбие
эстетикаларын көрсетеді және игертеді. Сондықтан әрбір ата-ана күнделікті
қонақ күту, оны шығарып салу, сияқты жағдайлардың өзінде балаға көп үлгі
көрсетіп, отырғандығын ескерген жөн. Келген қонақты төрге шығарып, көрпе
жаю, қолға су құю, бұның бәрі толып жатқан тәрбие элементтері. Осындай үлгі
көріп өскен ұл мен қыз да келешекте саналы азамат болып өсері белгілі.
Бала үшін жас ерекшелігіне қарай, бала бойында болатын мақтаныш
сезімінің ролі. Бала үшін жақсы ісіне қуану, мақтану ерекше әсер етеді.
Байқаған жақсы істері үшін ата-ана баланы мадақтап қана қоймай отбасында
жиналған ересектермен талқылап, баға беруге тырысқаны абзал.
Халық педагогикасы элементтерінің бірі ретінде мақал-мәтел, нақыл
сөздерді пайдалану тиімді тәрбие құралы. Баланы жастайынан үлкеннің тілін
екі етпей алуға, айтқанды орындауға төселдіру ата-ананың басты міндетіне
жатады.
Қазақ халқы тәлімгерлердің парыздарынсыз өнері арқылы жүзеге
асырып, отырған. Бала түсінігіне лайық, аңыз-әңгімелер, батырлар жыры,
ертегілер, мақал-мәтелдер ойнақы тілге құрылған жұмбақ, жаңылтпаштардың
маңызын дәлелдеп жатудың өзі артық сияқты. Дегенмен, адамдықтың белгісі-
иіліп сәлем бергені!, кішіпейілдіктен кішіреймейсің деген мақалдар
балаға ой салумен бірге имандылық қалыптарын еске салып отырады. Мақалдарды
сөз арасында айтып қана қоймай, балаға мазмұнын анықтап ашып, түсіндерген
жөн және баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып қолданған тиімді. Ал,
ертегілер мен батырлар жыры, аңыз әңгімелердің бұл үлгілері арқылы баланы
өзгенің еңбегін қадірлеуге, үлкенді тыңдау, сыйлауға сонымен бірге
табиғатқа, әлсіз деген
қамқорлық сезімдерге тәрбиелей аламыз. Баланы отбасында тек
адамгершілік, имандылық қасиеттерді ғана үйретіп қоймай, өз Отанын, халқын
сүюге тәрбиелеуге тиіспіз. Ал, Отан, халық деген ұғымдар баланың өз
отбасынан басталатындығы мәлім. Аталған тәрбие міндеттерін шешуде жоғарыда
көрсетілген ауыз әдебиеті үлгілерінің маңызы зор.
Тәні саудың – жаны сау дегендей адамның құрылысы мен жан дүниесі
бір-бірінен бөлінбейтін жүйелер мен тән мен жан тәрбиесі халық педагогикасы
ғылымының заңдылықтарына бағынады десек те қателеспейміз. Тазалық иманның
жартысы деген сөз бар. Баланы жастайынан тән тазалығына тәрбиелеп, тән
тазалығы жан тазалығы екендігін түсіндірумен қатар, мойындату да керек.
Дәрет алу, бойды таза ұстау, шаш күтіміне көңіл бөлу, өзіне қатысты
құралдарын, ойыншықтарын, ыдыстарын таза ұстау – мұның бәрі қоғамының
белсенді, денсаулығы мықты, ақыл-сезімі кемелденген азаматтардың өсіп,
қалыптасуы үшін бірден-бір қажетті шарттар.
Бала тәрбиесінің имандылық негіздерін отбасында мектеп жасына
дейінгі балалармен ойын үстінде қалыптастырып, еңбекке деген
сүйіспеншілікпен, адалдық қатынастырын үндестіре білу ата-анадан
білімділікті, асқан шеберлікті қажет етеді.
Халық педагоггикасының келер ұрпаққа айтар ақылын, ұсынар үлгісі,
берер тәлім-тәрбиесі сол елдің күйі, биі, музыкасы, фольклорлық шығармалары
бала тәрбиесіне терең бойлатып, қалыптастырғанымыз жөн.
Тәрбие процесін халықтық педагогика негізінде ұйымдастырудың
тәрбиелік те, бейімділік те үлесі зор. Халықтық тәлім-тәрбиенің басты
ерекшелігі өмірмен тығыз байланыстылығында. Халықтық педагогикамызды әрбір
жанның терең түсініп, онымен бұлақ суындай сусындай алуы бүгінгі ұлағатты
ата-аналар арқылы жүзеге асырылады.
Қалай десек те, халықтық тәрбие дәуірдің небір қатаң сынынан өтіп,
жаңарып, шым болаттай шынығып, бізге толыққанды боп жеткен баға жетпес бай
мұра. Ол халқамыздың ұлттық қадір-қасиеті, тіршілік тынысы, бірге жасасып
келе жатқан құнды қазына.
Балаға ұлттық негізде саналы тәрбие беруге толық мүмкіндіктер бар.
Тек ұстанған сара бағытымыздан ауытқымай, оны жаңарта дамыта түскеніміз
ләзім. Баланың құқы жөніндегі конвенцияда отбасында баланың құқын қорғау,
оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық
қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің
қарымқатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу
үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлікті, түсіністікті
сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшелерінің құқы қорғалуы тиіс
Тек осындай ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана Отанын,
елін, жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жақсы
адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, тұлға тәрбиелеуге болады.
Бала отбасынан жақсыны да жаманда да бойына сіңіреді. Содықтан да халқымыз
Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі деп текке айтпаған.
Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған тәлімдік дәстүрлер мло. Сол
дәстүрлер сабақтастығы бүгінгі бала тәрбиесінде жалғасын табуда. Отбасында
халықтық рухани – интеллектуалды мұраларды, мәдени құндылықтарын
жандандырып, рухани ұлттық сипаттағы мінезді қалыптастыруды көздеу өмірдің
талабынан туындап отыр.
Өмір тәжірибесі көрсеткендей, екі түрлі отбасына назар аударуға
болады. Біріншісі материалдық игілікті алуға қойып, соған жетуді мақсат
еткендіктен, рухани құлдырауға соқтығуды. Екіншісі материалдық игілікті
жеткілікті отбасында бала мен ана арасындағы эмоционалдық, мейірімдігін,
қарым-қатынастың орнықпағандығы бюайқалады. Осы жағдайлар отбасындағы
тәрбиенің тиімді болуға қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты.
Отбасындағы түрлі қарым-қатынас орын алады.
— ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-
қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған
— ортақ мүддеге негізделген біріңғай қарам-қатынас;
— жақсы қарым-қатынасты сақтай отыра, өзара жетістікке жетуді көздеген
қарым-қатынас;
— бәсекелестік, барлық жағдайда өзінің бәсекеге ұтуын көздеген қарым-
қатынас.
Түрлі себептерден туындаған отбасылық қарым-қатынастың орнығуынан
баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Кейбір отбасында отбасы мүшелері
өз бетімен жібереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал
кейбір отбасында орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның да өзіндік
ерекшеліктері бар, онда біреулердің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы
баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді.
Халық даналығына назар аударсақ, ол былай дейді: Егер сен бір жылдық
өміріңді ойласаң, онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң, онда бала
тәрбиеле.
Ана тілінің тағдыры отбасынан басталуда. Рухани байлық, дүние таным,
түсінік, рух, иман отбасынан қаланады. Егер жас бала отбасынан осы
түсініктерді ана тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан
сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымдық арнасы әлемдік өркениет
жетістіктерін игеріп, терең меңгерсек ешкімге есебімізді жібермейтін
дәрежеге жетсек, онда дербес ел ретінде нық тұрамыз.
Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған,
болашағына арманына балаған. Сондықтан да халқымыз Балалы үй базар –
баласыз үй мазар дае барлық асыл сөздерін арнаған.
Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген. Отбасы ата-ана, әке-
шеше, балалар үш ұрпақты құрамнан тұрады. Отбасын экономикалық жағынан
қамтамассыз етіп, отырған ата-ана мен әке-шешесінің қарым-қатынасы, жас
баланаң адамгаршілік жағынан толысып жетілуіне үлкен үлес қосады және
ізгілікті іске баулыды.

Біздің пайымдауынша, отбасы ерекше педагогикалық жүйе.

Социология ғылымы отбасын тұтас қоғамдық организмнің бөлігі, әлеуметтік
тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық
салады орын алған міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Бірақ,
өндірістік, кәсіптік, саяси ұжымдарға қарағанда отбасына қайта құрутікелей
әсер ете бермейді. Отбасының моральдық орнығуы экономикалық салаға
қарағанда баяу қарқанмен іске асады. Өйткені, отбасындағы қайта құруларға
негізгі әлеуметтік, экономикалық факторлар мен бірге биологиялық,
психологиялық және демографиялық факторлар да қатысады. Отбасын
болжамдаудың қиындығы осындай себептерге байланысты.
Отбасылық өмір байланыстарын жан-жақтылығымен сипатталады. Олар —
әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық-экономикалық, адамгершілік және
психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңдері оның бір қызметінің
жойылып, екінші қызметінің сипаты мен ауқымының өзгеруімен байланысты.
Отбасы қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар:
— ұрпақтар алмасуын қамтамассыз ететін бала туу, өсіру қызметі;
— білім, дағды, шеберлік, рухани құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізетін
тәрбиелік қызмет;
— өндірістік-шаруашылық қызметі;
— отбасының жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі;
Отбасының адамға қатысты қызметі мыналар:
— Жұбайлық қызметі. Жұбайлар ең жақын адамдар;
— Ата-аналық қызметі – отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет
жасындағы игілігін қамтамассыз етеді;
— Тұрмысты ұйымдастыру қызметі;
Отбасы тұрмысы психологиялық тұрғыдан алғанда ең жайлы тұрмыс болып
есептеледі.
Отбасының қызметін, оның көп түрлілігі мен байланыстарын ескере
отырып, қазіргі отбасы дамуының бағыттары мен бірқатар ерекшеліктеріне
тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-
аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іске асыруынакөмектеседі.
Ауылдық және қалалық отбасы дамуындағы ерекшелік олардың
әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала
ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс
болғанмен, екінші жағынан мұндай әлеуметтік бақылаушектеушілік сипатымен
тұлғаның еркін дамуына кедергі болады. Ал, қалаларда, әсіресе үлкен
қалаларды бұндай бақылауға мүлде орын жоқ.
Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер
орын алады. Мысалы: ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың
балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналаржұмыс басты болғандықтан
бала тәрбиесі көбіне білімі төмен аталар мен әжелерге жүктеледі. Кейде бір
отбасында ата мен әженің және жас ата-аналардың тәрбие жүйесі қақтығысып
қалады. Отбасы тәрбиесіне ден қойған мұғалім бұл жағдайды естен шығырмауы
тиіс.
Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты
жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым-
қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50 %
жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көрсоқырлық
тойынғандық (шамадан тыс еркелету, көңілін жықпау, мейманасы тасығандық)
жағдайда алып барады. Тойынғандық дегеніміз — өмірге, өмірдегі материалдық
және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, немкетті қатынас. Жастайынан
осындай ортада өскен балалардың арасынан торығушылар, қаңғыбастарға
қызықты әсерлі іздеушілер өсіп шығады.
Қазіргі кезде отбасының уақталу процесі жүруде, ол дегеніміз – жас
ата-аналардан тұратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін
нығайтып, дербес ұжымды қалыптастырады. Қиындықтар достық пен
ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегенмен
жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі, бала тәрбиесі сияқты
қиындықтар кездескенімен, оларды шешу қоғамның құзырында.
Отбасы мүшелерінің кемуі, туылған бала санының азаюы да отбасы
дамуының ерекшелігін құрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана
тәрбиеленеді.
Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі, олар:
— ата-аналардың жұмысбастылығы;
— мектепке дейінгі мекемелермен қамтамассыз етілмеу;
— бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы;
— әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы;
— отбасының қолайсыз тұрғын үйі;
— тұрмыстық жағдайы, ата-аналардың өзі үшін өмір сүруге ұмтылған
тоғыршылық ұмтылысы және т.б.
Бала туудың азаюы – шағын отбасындағы тәрбие әдістерін жасау деген және
педагогикалық проблеманы алуға тосады.
Қазіргі отбасы ажырасу санының едәір артуымен сипатталады. Ажырасудың
90- пайызы тұрмыс қолайсыздығы мен дайынсыздықтың салдары. Дегенмен барлық
ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу
баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс-жанжал, отбасылық кикілжіңнің
алдын алады.

Бір балалы отбасының әлеуметтік –педагогикалық проблемалары
Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін
игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады. Бұндай отбасыларға аға, әпке
сияқты тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы
ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда
баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамассыз етуде ата-ананың
педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сыныптағы кезінен оның
бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын
аңғарамыз.
Кейінгі кезде немере, шөбере туыстарды айтпағанның өзінде бірге
туған бауырлардың да туыстық қатынастары салқындай бастағаны аңғарылады,
көп балалы отбасының балалары ауылда, мектепте, ұжымда қатар құрбылары
арасында тез сіңісіп кетеді, өйткені олар отбасында бір-біріне қамқорлық,
құрмет жасауды көріп өседі. Ал бір баламен шектелген отбасылардың бұқаралық
сипат алуы балалар арасында жатырқау, тасбауырлық сезімдердің нығая түсуіне
негіз қалайды.

1.2. Отбасындағы тәрбиенің қазіргі кезеңдегі жағдайы.

Экономикалық әлеуметтік жағдайға қарай отбасы мүшелері шағындалып,
жастардың отбасы үлкендерден бөлек тұратын болды. Осыған орай ұрпақ
тәрбиесіндегі атадан балаға беріліп келе жатқан тәрбиелік сабақтастық
үзіледі. Дегенмен де жас отаулар бөлектенгенмен ата мен әженің немере
тәрбиесіне ықпалы зор. Үлкендер немере тәрбиесінен қол үзгілері келмейді.
Үлкендер бала тәрбиесіне қатыспау бақылау жағын ұстанады, өйткені
отбасы мүшелерінің көзқарасында қайшылық бар. Екіншіден қала мен ауылдың
алшақтығынан ата-әже алыстағы немерелерімен қарым-қатынас ұстай алмайды.
Жас отбасылар бөлек тұрмайтындықтан үлкендерге көмек көрсете алмайды. Сол
сияқты үлкендер де бала тәрбиесінен аулақ болады. Ұрпақтар сабақтастығы
үзілгендіктен, жас ұрпақ бойында қара басының қамын ойлау, тәкаппарлық,
шарасыздық белең алса, ал үлкендерге оқшаулық, балаларына қажетсіздік
сияқты сезім орнығады.
Бала адам баласына тән жақсы не жаман қасиеттердің бәрін дерлік ең
алдымен ата-анасынан, үйдегі басқа ересек адамдардан қабылдайды. Осы орайда
60-жылдардан белгілі ақын, халық жазушысы М.Әлімбаевтың тәрбие
тақырыбындағы бір мақаласында үйге қонақ келгенде балаларды дастархан
басына бірге отырғызу қажеттігін, олар үлкендердің айтқан әңгімесінен
ғибрат алу керектігін жазғаны ойға оралыды. Көпшілікке ой салар осы пікірге
риза болмайсыз, алайда кейінен жүріп тойынып, тұрмысы жақсарған соң, бұрын
той-томалақты қымызбен, шұбатпен, ат шабыс, көкпармен өткізіп келген. Ал
қазіргі жағдайда қазақ дастарханын самсатып, орыстың арағын қоймаса, сәні
келмейтін күйге ұшырады. Осы орыстың тентек суы атамыздың асы емес еді ғой
– деген еліміздің ойына да келмеді.
Есі кірместен дастархан айналған арақпен қатар өскен ұрпақтың
талайының түбіне жеткен осы арақ болғанына өмірдің өзі куә. Халықта Әкеге
қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер, Ұлың өссе жақсымен, қызың өссе ызы
жақсымен қатынаста бол — деген даналық сөз бар.
Демек, бала өскен ортасына, үлкендердің үлгі өнегесне қарап тәлім
алады.
Ерлі зайыптының бір-біріне қамқорлығы мен жылы қатынасынан нәр алып
өскен балада жағымды мінез ғана емес, мәдениеті дағды да қалыптасады. Сол
сияқты ене келін, күйеу бала мен ене, жеңге мен қайынсіңлі, аға мен
қарындас арасындағы қарым-қатынасты бала күнде көреді. Бұлардың арасында
сыйласымды қатынас болмаса, оның да балаға тигізер зияны көп. Ауыр сөзбен
біреудің көңілін қалдыру, сыртынан жамандау, жасы үлкенді сыйламау,
көмектеспеу, біреуге қасақана зиянын тигізу сияқты ең жаман әдеттер бала
тәрбиесіне кері әсер етпегені кері әсер етпегені белгілі, бір шаңырақтағы
отбасы мүшелеріне бір-бірімен, әсіресе ерлі-зайыпты адамдардың өзара қарым-
қатынасының психологиялық, эстетикалық, этиканың нормаларын сақтау жағына
жай уақытта мән берілмейді. Ал бала тәрбиесінде осы қатынастар мәдениетінің
зор мәні бар. Үйде балаға … олай бол да, былай бол деп құрғақ ақылдан
ғөрі әркім өз бойындағы өнегелі іс-әрекеті арқылы әсер етуі әлдеқайда
ұғымды. Мәселен, кейбір ата-ана көшеде сыпайы, таза киініп, мәдениетті
жүреді де ал, үйде қалай болса солай, көшеде таныстарымен сыпайы да
кішіпейіл сөйлеседі, ол үйде отбасы мүшелеріне ақырып, тықыртып таза
мазаларын алады.
Өздері бірге қызмет істеп, араласып сыйласып жүретін адамдары
жайында отбасында жағымсыз әңгімелер айтып, сыртынан ғайбаттап отырады. Бұл
әдеттердің бәрі де жасөспірім балаға теріс әсер береді. Үйде бір түрлі,
көшеде бір түрлі жүруге болады екен деген ой туғызады. Сондай-ақ кейде екі
жүзді мінезге үйретеді. Гректің ерте дүниедегі ойшылы Питтан Өзің ата-
анаға не істесең, балаңнан соны күт — деген екен. Ата-ана балаға сөзден
гөрі ісімен күнделікті жақсы әдет-ғұрып, өнегесімен, күшті әсер
ететіндігімен ескерілуі керек.
Айтқаныңыз қаншалықты дұрыс болғанымен, өз өнегеңіз, өз әдет
қылығыңыз керісінше болып жатса, жалаң ауылдан ешнәрсе шықпақ емес.
Халықтың мәдени – сәйкестілік жағдайына халықтың өзі тудырған
әлеуметтік мәдени жүйе арқылы қол жеткізеді.
Білім беру ұлттық сананы қалыптастырудың, мәдени тілдік мүдделерді
жүзеге асырудың құралы ретінде мынадай басты төрт функцияны атқаруға тиіс:
— Таратушылық (этникалық ұлттық қоғамдастықтың тұтастығы мен жаңғыруын
қамтамассыз ету).
— Дамытушылық (ұлттық сананы қалыптастыру және дамыту).
— Ынтымақтастырушылық (мәдениеттердің өзара бірлігін, кірігуін, өзара
байытуын, жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне бойлауын
қамтамасыз ету).
Білімді, мәдениетті адам ғана – тарихи және мәдени дәстүрлерді ұстана
алады.
Халықтық мәдени білімі бұл ана тілі мен мәдени құндылықтарын
қоса игеру арқылы тұлғаны этикалық мәдениет сәйкестігін сақтауға
бағытталған білім.
Халықтың мәдени білім кеңістігі бұл ана тәрбиесі, отбасы
мектепке дейінгі мекемелері, мектептер, жоғары оқу орындары, ұлттық мәдени
орталықтар, үйірмелер, курстар курстар құрылымы жағынан: оқу орындарынан
тыс білім беру (курстар, кітапханалар, радио, теледидар т.б.) отбасында
оқыту және тәрбиелеу, достарымен, көршілерімен қарым-қатынас т.б.
Этникалық – мәдени білім кеңістігі ол отбасындағы хал-ахуал. Жан-
жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу отбасымен басталады. Жас адамды есті,
саналы сергек, мәдениетті етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамнық тәрбие
орындарының бірден-бір парызы. Өйткені, Ес түзелмей, ел түзелмейді, Әр
адам өз заманының перзенті, Туа жаман жоқ, жүре жаман бар, Заман
түзелсе, адам түзеледі, олай болса егеменді еліміздің болашағы отбасында,
тал бесіктен басталады. Оқу-тәрбие барысында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен
шешілмек.
Отбасының жеміс берер гүлі алтын тіреу діңгек – басы. Сондықтан
халқымыз Бесіксіз үйде береке жоқ деп түйеді.
Қазақ халқының Бір баласы бардың, шығар шықпас жаны бар, көп
баласы бар үйдің жанған шамы бар, Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар,
Бала адамның бауыр еті деуі баласын бақыт санағаны.
Қазақ халқының әдет-ғұрпында ұл баланың дүниеге келуін Ұл
туғанда, күн туған деп ерекше бақыт санаған. Себебі, ұрпақтың жалғасы,
шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелінген. Қыз келсе, Гүл өссе жердің
көркі, қыз өссе елдің көркі деп қуанған.
Жаңа туған балаға арнап шілдехана жасау, оны өлең жырмен ашу
халықтың ежелгі дәстүрі болған. Осындай салттан тұрған өлеңнің бірі – бесік
жыры арқылы білдіру, оның отбасы, ел намысын қорғауын тілеу, өнерлі еңбек
сүйгіш болуын қалау. Мәселен: Жібекті түте алмаған жүн етеді, баланы күте
алмаған құл етеді, Бала айналасына қарап өседі дейді. Халықтың асырау
мен тәрбие беру екі түрлі мәселе Жігіттің тентек болғаны биінен, баланың
тентек болғаны үйінен, Өнеге күні өлшеусіз, Ұяда не көрсең ұшқанда соны
ілерсің, дейді бала тәрбиесінің өскен ортаға байланысты екендігін
көрсетеді. Адамға көбінесе үш алуан адамнан мнез жұғады: біріншісі – ата-
анадан, екіншісі – ұстаздан, үшіншісі — құрбысынан деп ойшыл Абай атамыз
да өте дұрыс айтқан.
Отбасындағы тәрбие арқылы баланың географиялық санасы, ол туған
өлке, кіші Отан, туған жер, туған шаңырақ, шаңырақ санасымен қарулануға
тиіс. Күте білсең жер жомарт,Жері байдың елі бай деген сияқты мақал-
мәтелдерден халықтың табиғатқа сезімі, аялы алақаны сезіледі. Бағбан
болсаң бақ өсір, балама деп өсір деп халқымыз осындай асыл қасиеттерді
ұрпақтарына өнеге ете білген. Олар жан-жақты мәдениетті тұлғаның жерді
ортақ мекен Қазақстанды ортақ отан есебінде жақсы көру сезімі, ортақ үй мен
елдің табиғатына деген жауапкершілік сезімі секілді қасиеттерін айқындайды.
Болашақ отбасында көркемдік-эстетикалық санасы, қиял мен нәзік
сезім, әсемдікке құштарлық пен әдемілікті бағалай білетін қасиет, көркем
талғам туындыларын түсіне алатын қабіліті тәрбиеленеді.
Мысалы: Отбасында шешелері үй шаруасын үйрету арқылы эстетикалық
талғамды қалыптастырады.
Мұғалімнің оқушылардың ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының
негізгі түрлері мен әдістеріне сипаттама бермес бұрын отбасымен байланыс
орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталған
орынды.
Бірінші ереже. Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен және
жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата-аналардың беделін көтеру және
нығайтуға бағытталуы тиіс. Сынып жетекшісінің ақыл үйретушілік, көсемдік
сөз саптауы өкпе, реніш, ыңғайсыздыққа негіз болады. Міндетті,Қажетті
деген үзілді-кесілді сөздерден соң ата-ананың көпшілігі өз міндеттерін жап-
жақсы түсінеді, бірақ тәрбие практикасында өз білгенін көңілдегідей қолдана
алуы мүмкін. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу
керектілігімен білу де маңызды. Мұғалім мен ата-ананың арасындағы бірден-
бір дұрыс норма — ол бірін-бірі құрметтеу. Осындай жағдайда бала тәрбиесін
қадағалау, тәжірибе алмасу, ақыл-кеңес, бірлесе шешім қабылдау сияқты екі
жақты да қанағаттандыратын формаға ауысады. Бұндай қатынастың маңыздылығы
сол – мұғалім мен ата-аналарда жеке жауапкершілік, азаматтық парыз, өзіне
деген талапшылдық дамып нығаятын болады.
Ата-аналардың жұмыс орнында Үлгерім экраны,Ашық журнал сияқты
тәрбие құралдарын ілу нәтиже бермейді. Қара тізімге ілінген әкелер мен
аналар ондай форманың тиімсіздігін айтады, өйткені сол арқылы олардың
балаға көңілі толмауы, оны жазалауға, мектепке деген теріс көзқарастың
қалыптасына алып барады. Балалары туралы жағымсыз әңгіме естіген ата-ана
мектептің маңайын көргісі келмейді. Көп жағдайда осы негізде әке мен
шешенің ара қатынасы бұзылады. Осының бәрі түптің – түбінде баланың
мұғалімді, мектепті жек көруіне ұласады. Мұғалім, сынып жетекшісі осы
жағдайларды ескеріп, жұмыс әдістері мен түрлерін таңдағанда баланың көз
алдында ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуды басшылыққа алуы тиіс.
Екінші ереже. Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту,
олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру тәрбиелік белсенділігін
арттыру. Ата-аналар психологиялық жағынан мектептің барлық бастамалары мен
талаптарын қолдануға дайын. Тіпті педагогикалық дайындығы, жоғары білімі
жоқ ата-аналардың өзі бала тәрбиесіне терең және жауапкершілікпен қарайды.
Үшінші ереже. Отбасының өміріне орынсыз араласуға жол бермейтін
педагогикалық әдеп. Сынып жетекшісі – ресми тұлға. Ол өз қызметі аясында
көп жағдайда қаласа да қаламаса да отбасының өзгелерден жасыратын құпия
сырларына куә болуы мүмкін.
Жақсы сынып жетекшісі отбасы үшін бөтен емес, қайта ата-аналар одан
көмек күтіп, сеніп сыр айтады, ақылдасады. … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz