“Етегімнен тартпаңдаршы”: Дариға Бадықова өзін табалағандарға қарсы жауап берді

0

Smartnews.kz басылымының хабарлауынша, актриса, «Таптым-ау сені» фильмінің продюсері Дариға Бадықова күзетпен әндеткеніне сын айтқандарға жауап қатты.

«Охрана сенің не теңің деп жерден алып, жерге салып болдыңыздар ма?! Құрсын таралып кеткені соншалық, үтікті қоссақ та сол видео шықты ғой алдымыздан. Ресторанның таңып берген охранасы ғой, біздің дым қатысымыз жоқ, ақталды демеңіздер. Бір жағы, басқа ұлттың баласына ұқсап охранамен жүргенге не жетсін. Сол күнге жетейік деп жақсы сөз айтқан бір қазақ жоқ қой, шіркін-ай», — деді ол.

Сондай-ақ актриса өзін артқа тартқандарға өтініш айтты.

«Құрметті көрермен-ау, жалпы деймін де, бастап жатқан ісіміз ілгері жүрсін десек, етектен тартып: «Ой сендер сондай, сендер бұндай» — деп артқа тартпайықшы. Неге десеңіз, біз көпұлтты мемлекетпіз. Өзіміз аз ғана қазақпыз! Жұрттың баласының алдында бір-бірімізді табалап, жағадан ұстамайық та құрысын. Енді еңсемізді көтеріп келе жатқанда, сағымызды суға кетірмейікші! Қай саланың тасы өрге домаласа, төмен тартуға құмар болмайық. Рухы, биік текті ұрпақтың балаларымыз ғой!», — деді актриса.