«Қош бол, Тина»: Канделакидің косметика саудасы Қазақстанда тоқтап қалды
Бет пен дене күтіміне арналған опа-далап тауарларына тұрғындар қарсы шыққан, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Азатттыққа сілтеме жасап.
Косметика тауарларын сататын «Золотое яблоко» сауда желісінің дабл-диск қосымшасына жазылған сыни пікір күн сайын көбейген. Бірер күн бойы компания қазақстандықтардың наразылығына жауап бермеген. Қарсылық басқа әлеуметтік желілерде де жалғасып жатқан.
14 ақпанда Ansaligy брендімен шығатын өнімдері сатылымнан алынғаны белгісі болған. Косметикалар сайтта да, сауда сөресінде де жоқ. Астанадағы дүкен өкілі бұған желідегі наразылық әсер еткенін айтқан.
Тина Канделаки
Ресейдегі белгілі тележурналист Тина Канделаки бұған дейін Қазақстан орыс тілін баяу болса да жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын жазып, дабыл қаққан. Оның бұл жазбасына елдегі теміржол бекеттерінің атауының өзгеруі себеп болған.
Көлік министрлігі кейбір темір жол станцияларын (Нұр-Сұлтан-Астанаға, Нұр-Сұлтан — Нұрлы жолды – Нұрлы жол, Косшокуды – Қосшоқыға, Сай-Утесті – Сайөтеске;, Өзенді Жаңаөзенге, Оралды Оралға, Құмшағылды Құмшағалға) қайта атау туралы Үкімет қаулысының жобасын жариялаған.
Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram – каналында Қазақстан осылайша орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатқанын көрсетіп, «тарихтағы өз орнын қолдау сылтауымен өте алысқа баруға болатыны түсінікті, әсіресе осындай күмәнді шешімдерді ілгерілету үшін тарихты жасыру ыңғайлы» деп жазған.
Қазақстанның танымал журналисі Динара Сәтжан Канделакиге әлеуметтік желі арқылы жауап беріп, біздің еліміздегі қазақ тілі мемлекеттік тіл екенін атап өткен. Қай теміржол станциясын қалай атауға болатынын өзіміз шешейік. Т/Ж станциялары атауын өзгерткен жоқ, бұл олардың қазақ тіліндегі дұрыс аумақтық атаулары» дейді ол.
Қазақстанның депутаттары осы шу жөнінде пікірін білдірді.
Арман Шораевтың пікірі
Публицист Арман Шораев болса жалпы Ресей тарапынан Қазақстанға жасалған ақпарат шабуылдарын өзінше бағалайды Егер Ресейде есі ауысқандар Қазақстанның солтүстігінде арнайы әскери операция өткіземіз десе, федерацияның көрер күні санаулыға айналады. Ол аз десеңіз, Қазақстандағы орыс этносының 2,5 млн адамының тағдыры ала-дүлей болары анық, себебі мұсылман еліне жасалған шабуылды ислам әлемі кезекті крестшілер жорығы ретінде қабылдайтыны анық дейді ол.