Қаржы министрі болған Мәди Тәкиевтің айлығы қанша
Қазақстанның жаңа қаржы министрі Мәди Тәкиев айлық мөлшерін атады, деп хабарлайды Kznews.kz.
Мәжілістің жалпы отырысында Мәди Тәкиев қаржы министрлігіне жұмысқа ауысу үшін өзінің депутаттық мансабын тапсырды.
Мәжіліс кулуаырнда журналистер одан жалақысының мөлшерін сұрады.
– Мен айлығымды қарадым. Бізде барлық мемлекеттік қызметкер үшін бірыңғай жүйе бар, сондықтан мен сол бойынша алам. Тәжірибемді ескергенде шамамен бір жарым миллион теңгеден асады, — деді Такиев.
Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда президент қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Жамаубаевты қызметінен босатып, Мәди Тақиевті тағайындады. Таяуда Қазақстан үкіметі қайтадан жасақталған. Премьер-министр болып Әлихан Смайыловтың орнына Олжас Бектенов келді. Бірер министр ауысқаны болмаса, Әлихан Смайыловтың кезіндегі басшылардың дені лауазымын сақтап қалды