Тегін затқа таласқан жаңаөзендіктер жұрттың ашуына тиді

0

Тегін затқа таласқан жаңаөзендіктер жұрттың ашуына тиді. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Оқиға 11 ақпанда болған. Бейнежазбада тұрғындар бір-бірін итеріп, қысылып, тіпті құлап жатқанын көруге болады.

«Жаңаөзенде не тегін зат үшін «төбелесіп» жатыр? Тегін тамаққа таласып жатыр деген рас па?», — делінген жазбада.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, гүл сататын дүкен иесін көлік қозғалысына кедергі келтіргендігі үшін жауапқа тартылған.

Ал Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мәліметінше, кәсіпкерлер бұл шараны жергілікті атқарушы органдармен мақұлдамаған.