«Қара орамалың қорқынышты»: Айнұр Тұрсынбаеваның тойға киіп барған образы сынға қалды

0

Танымал айтыскер ақын, коуч, психолог Айнұр Тұрсынбаеваның көйлегі сынға қалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 Айтыскер ақын сынықшы Айнұр Асқарқызының тойына Стамбұлдан арнайы келді.

“Маңғыстаудың мақтанышы! Керемет тойға арнайы келіп, қуанышқа ортақтасып қайттым… 400 адамның 350-імен суретке түстім. Ал сіз жақында кімнің тойына барасыз? Белгілеп кетіңіз, біліп отырайық…”, – деп әзілдеді психолог.

Желі қолданушылары жақында кімнің үйіне тойға баратындарын жазып жатыр. Алайда айтыскер ақынның сыртқы болмысын да талқылап жатқан оқырман қарасы көп.

“Негізі бағытыңыз дұрыс, коучпен айналысқанша сол шәйіңіз дұрыс-ау. Елге пайдасы бар, тағы да басқа мини-фабрикалар ашсаңыз. Мысалы, аяқкиім тігетін, мата шығаратын зауыт-фабрикалар керек”, “Қара көйлек қара орамал тақпашы. Түрің қорқынышты көрінеді. Бұрын айтысқа киіп шығатын көйлектерің әдемі еді”, “Осы образ сізді сұлу етіп көрсетіп тұр”, “Айнұр ханымның беделіне таңғалдым. Ешкім қасынан шықпады” деп жазып жатыр оқырман қауым.

Еске салайық, белгілі сынықшы Айнұр Асқарқызы қызының 1 жасқа толған тойын дүркіретіп атап өткенін жазған едік.