«Үсті-басым қан болды». Сиви Махмуди жан түршігерлік жол апатына түскенін айтты

0

Әнші Сиви Махмуди «Қызықты weekend» бағдарламасында жол апатына түскенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Өнер иесі мұрнына екі рет ота жасалғанын айтты.

“Кішкентай кезімнен мұрным дұрыс демалмайтын. Сол үшін біраз жыл ойланып, мұрыныма ота жасаттым. Бір айдан соң жол апатына түстім. Мұрынымды соқтым. Қайта сынды. «Мұрыным түсіп қалған екен» деп ойладым. Адамдар есігімді аша алмай жатқанын білемін. Есімді жинай алмай жаттым. Үстімнің бәрі қан болды. Сау жері жоқ. Әрең дегенде есігім ашылып, бірден ауруханаға бардық. Кейін тағы да мұрныма ота жасады. Сонда мұрныма екі ота жасалды», — деді ол.

фото: smi24.kz