Димаштың атын естігендегі шетелдіктердің эмоциясы видеоға түсірілді

0

Отандасымыз Димаштың атын естігендегі шетелдіктердің реакциясы видеоға түсірілді. Қазақстаннан тыс жерде түсірілген видео Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын бүкіл әлем жоғары бағалайтынын тағы да айғақтап отыр, — деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Жақында желіде пайда болған видеода француздардың Димаш есімін естіген кездегі эмоциясын көруге болады.

”Димаш — қазақстандықтардың визит карточкасына айналды», «Қазақстанның туын қалтасына қалай ұқыпты салды»,»Димаштың атын естігенде барлығы Қазақстанды таниды екен. Қандай керемет!», — деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Ұлттық зергерлік бұйымдар жасайтын компания өкілі Жарқынбек Тұқбиұлының сөзінше, олар 2023 жылғы 15-24 желтоқсан аралығында Қазақстанның атынан Париждегі ұлттық қолөнер жәрмеңкесіне қатысқан.

«Бұл жәрмеңкеде француздармен қоса, басқа да еуропалықтар қазақтың ұлттық өнеріне үлкен қызығушылық танытты. Біз Димаш Құдайбергеннің елі — Қазақстаннан келдік деп айттық. Француздар қатты таңғалды. Бізден бұйымдар сатып алып, құрмет көрсетті. Содан кейін Димаштың орындауындағы «Адай» күйін қосып, шетелдіктердің реакциясын түсірдік», — деді ролик авторы.

Жарқынбек осылайша қазақ мәдениетін шетелде танымал етуге, оның бірегейлігін көрсетуге және әлем елдері үшін тартымдылығын арттыруға болатынын атап өтті.

фото: tengritravel.kz