«Жақында үйлену тойы болады». Айқын Төлепберген қуанышты жаңалығымен бөлісті

0

Әнші Айқын Төлепберген жақында үйлену тойын өткізетіні туралы «Жарқын жүздесу» бағдарламасында айтты.
Massaget.kz хабарлауынша, ол тойды кім жүргізетінін де атап өтті.

«Әр адам алдына үлкен мақсат қояды ғой. Бұдан бұрын кино түсіру, үй салу еді ғой. Бәрі бітті. Ендігі мақсат той жасау. Бұйырса, үйлену тойымызды жасаймыз. Тұрсынбек Қабатов уақыты болса, сол жүргізеді. Креатив көп болады. Бәрін айта бермеймін», — деді ол.