“Қазақша сөйлеме»: ұлттық құраманың экс-футболшысы бапкермен тіл үшін жанжалдасқан

0

Smartnews.kz басылымының хабарлауынша, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Жамбыл Көкеев «BorodAbata» YouTube-арнасына берген сұхбатында ресейлік бапкер Сергей Юранмен жанжалы туралы айтып берді.

Бұл туралыKaz.nur.kz жазды. Оқиға 2009 жылы болған. Көкеев сол кезде Юран жетекшілік еткен «Локомотив» («Астананың» бұрынғы атауы) сапында ойнаған.

«Тілдік барьер болды. Түскі аста командамызбен отырғанбыз. 5-6 адамнан, орыс тілінде сөйлей алмаған я сөйлеуге ыңғайсыз болған қазақтар болды. Олармен қазақ тілінде сөйлесіп, әзілдесіп, күлетінбіз. Ол (Юран) маған «Көкеев, сен неге күліп отырсың? Саған қазақ тілінде сөйлеуге тыйым саламын» деді. Мен оған: «Сен кім едің Қазақстанға келіп, туған тілімде сөйлеуге тыйым салатындай» дедім. Жанжал осылай шықты, сөйтіп ол мені дубльге жіберді», — деп мәлімдеді Көкеев.

Оқиғадан кейін Юран клубтан кеткен. Көкеев негізгі құрамға оралған, алайда жаңадан келген бапкер де оны тәртіп бұзғаны үшін дубльге жіберген. 2011 жылдың басында жартылай қорғаушы елордалық командадан кетіп, кейіннен қарағандылық «Шахтер», алматылық «Қайрат», қызылордалық «Қайсар» және «Ақтөбе» командаларында өнер көрсетті. Соңғы клубтан Көкеев 2021 жылдың қаңтарында кетіп, содан кейін ол мансабын аяқтады.

https://smartnews.kz/news/kazaksha-sojleme-ulttyk-kuramanyn-eks-futbolshysy-bapkermen-til-ushin-zhanzhaldaskan