Жаңа жыл түнінде Қазақстанда қанша сәби дүниеге келді?

0
Жаңа жыл қарсаңында республика перзентханаларында 191 сәби – 101 ұл және 90 қыз дүниеге келді.

Жаңа жыл қарсаңында республика перзентханаларында 191 сәби – 101 ұл және 90 қыз дүниеге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мереке түнінде туған нәрестенің ең көбі Түркістан облысында тіркелді – 38 бала, екінші орындағы Шымкент қаласында 23 бала дүниеге келді.

Алматыда 22 ерлі-зайыпты отбасының жаңа мүшесі өмірге келгенін сүйіншіледі.

Республика астанасында Жаңа жыл қарсаңында 10 бала дүние есігін ашты.

фото: Aikyn.kz