Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова арасындағы хаттың скрині пайда болды (фото)

0

Марқұм Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаевтың арасында болған кикілжіңнен хат алмасу пайда болды. Бұл туралы «Көреміз» бағдарламасында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, екі жас отау құрғаннан кейін арада 6 ай өткен соң Бишімбаев жас келіншегін жиі ренжітуді шығарған.

«Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың тойынан бейнелер жоқтың қасы. Жарияланған жалғыз видеода жас-жұбайлар сырт көзге өте бақытты көрінеді. Алайда, арада 6 ай өткен соң Бишімбаев әйелін жиі ренжітуді шығарған», — дейді бағдарлама жүргізушісі.

Айта кетейік, бұл хат алмасу қазанда болған. Бишімбаев Салтанаттан кетпеуін өтініп, түзелуге серт береді. Ізінше мешітке барған, күйеуінің сөзіне сенген жас келіншек қайта кешіріп, отбасындағы қиындықты барынша өзі шешуге тырысқан.

«Жазда төркініне барғанда ата-анасына күйеуімен қарым-қатынастары қиындап кеткенін, оның мінезі ауыр екенін айтыпты. Ата-анасы жарайды олай болса, үйге қайт деген. Бірақ уақыт өтпей Бишімбаев Салтанатты райынан қайтарып, ұзақ уақыт бойы артынан қалмай, қайтып келуін өтініп жүрді. Қалай көндіру керегін жақсы біледі, ал Салтанат өте мейірімді, жанашыр қыз ғой, оны аяп қайта барды. Бишімбаевтың жан дүниесіндегі мәселені анықтау үшін оған жақсы отбасылық қарым-қатынас орнатуға көмектесер деген оймен психолог жалдады», — дейді Салтанаттың кіндік шешесі Мәрзия Оспанова. 

Павлодардың экс-әкімі Қайрат Нүкенов қарындасының өліміне себеп болған адамды кешіруге құқысы жоқ екенін жеткізді.

«Біздің кешіруге, татуласуға еш құқымыз жоқ, Моральдық тұрғыдан да еш дәтіміз бармайды. Егер бұл адам бостандыққа шықса, міндетті түрде тағы біреуді өлтіреді. Мұндай трагедия тағы бір рет қайталанатын болса, біздің ар-ұятымызға сын болады, сондықтан татуласпаймыз», — дейді Қайрат Нүкенов. 

Ашық ақпарат көзінен

фото: tengrinews.kz