«ҚазТрансГаз Аймақтың» бұрынғы топ-менеджеріне іздеу жарияланды

0

Қаржы мониторингі агенттігі «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының бұрынғы топ-менеджері Руслан Сағымбековті іздестіріп жатыр, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның бұрынғы басқарма мүшесіне іздеу жариялауға бастамашы: Алматы қаласының прокуратурасы. Іс 20 шілдеде тіркеліп, Сағымбековті іздеу ҚМА қалалық экономикалық тергеу бөліміне тапсырылған.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталындағы іздеу картасында «Сағымбеков Руслан Бекболатұлы. 34 тәулік іздеуде», — делінген.