шығарма тәуелсіздік туралы, Тәуелсіздік — тұғырым

0
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы,
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!-

деп ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Қазақстан тарихында бұл күн ешқашан ұмытылмайтын, бақытты бағасымен халқымыздың есінде мәңгілік қалары анық.

Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілімен діні. Тәуелсіздік — халықтың тойы, елдің тойы.

Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз, Қазақстан, туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп.

Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні — ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды, бұл даусыз фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс»,- деп атап көрсетуіне үлкен мағына жатыр.

Өз басым мемлекетіміздің тәуелсіздігі – халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлу керек.

Тәуелсіздік — ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік — арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

«Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өмірмен уақытқа кестірген кезден бастап, осынау жиырма төрт жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді»- деп, елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Алматы облысы, Панфилов ауданы,
«Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2 «А» сынып оқушысы: Советқазы Дина
Жетекшісі: Жылқыбаева Гүлназ Омарбекқызы

Дереккөз: http://bilimsite.kz/