Нұрлан Өнербаев жұбайын туған күнімен құттықтап, көпшілікті тәнті етті (фото)

0

Танымал отандық әнші Нұрлан Өнербаев жұбайын туған күнімен құттықтады. Әншінің Instagram желісінде әйеліне арнаған жазбасы көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

«Жаным, жан-жарым! Жасың қаншаға келсе де, сен менің көзімде де, жүрегімде де дәл осы бейнеңмен жатталып қалғансың. Қала бересің! Туған күнің құтты болсын, жаным», — деп жазды Нұрлан Өнербаев. Ал желі қолданушылары әншінің жұбайына деген махаббатына таңқалғандарын жасырмады.

«Құтты болсын! Ескірмеген махаббат деген осы», «Қазіргі жастарымызға үлгі. Баршағасы осындай махаббат тілеймін», «Бірге қол ұстасып, немере-шөбере сүйіңіздер», «Жұбайыңызға қандай жақсы, үлгі боларлықтай тілек жазғансыз», «Бір жастықта қартайыңыздар», — деп жазды желідегілер. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұрлан Өнербаев әкесінің адамгершілік қасиеттері туралы айтып, көзіне жас алған болатын.