Лос-Анджелесте қытай жаңа жылын мерекелеу кезінде атыс болып, адамдар көз жұмды
Лос-Анджелесте қытай жаңа жылын мерекелеу кезінде атыс болып, бірнеше адам көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Атыс Лос-Анджелес орталығынан шығысқа қарай 10 миль (16 км) жерде орналасқан Монтерей-Парк қаласында болған. Мұнда шамамен 60 мың адам тұрады, оның біраз бөлігі – азиаттық қауымдастық.
Қалада ай күнтізбесі бойынша жаңа жылды қарсы алуға мыңдаған адам жиналған. Полицияның мәліметіне сәйкес, мерекеден кейін атыс болып, 9 адам көз жұмған.
Лос-Анджелес округі шерифінің департаменті күдікті ретінде ер адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.
«Ол оқиға орнынан қашып кеткен және іздеуде», — дейді капитан Эндрю Мейер.