Домой Жаңалықтар Қостанайдағы тұрғын үйдің кіреберісінде ер адам өртеніп кетті

Қостанайдағы тұрғын үйдің кіреберісінде ер адам өртеніп кетті

0
31
Қостанайда көпқабатты үйдің кіреберісінде ер адам өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Наша газета» ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген суреттерді басылымға оқырман жіберген. Ол жантүршігерлік жағдай 21 қаңтарда Қостанайдағы 8-шағын аудандағы №11 үйдің кіреберісінде болғанын айтқан.

» 21 қаңтарда сағат 13:16-да 8 шағын ауданнан коңырау келді. 10 қабатты тұрғын үйде баспалдақта қоқыс өртеніп кетті. Сонымен қатар, 9-шы және 10-шы қабаттар арасындағы баспалдақта өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылды. Тұрғындарды эвакуациялау қажет болмады. Өрт 13:55-те ауыздықталды»,-деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.