Мәди Ахметов Назарбаевты қорғайтын Елбасы заңын жоюға дауыс берді

0

13 күні Парламенттің қос палатасының депуттары шешімімен «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы» заңының күшін жойды.

Оның арасында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алматыда ескерткіш орнатуға үсынған ең жас депутат Мәди Ахметовте бар.

Еске салсақ, 20 минутқа жетпейтін уақыт ішінде парламент Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Елбасының ерекше мәртебесінен айыруды бірауыздан дерлік мақұлдады.

Сенаттың 44 депутаты, Мәжілістің 93 депутаты «жақтап» дауыс берді. Енді заң қабылданды деп есептеліп, мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

Назарбаевқа елдің барлық бұрынғы президенттеріне берілетін жалпы кепілдіктер берілетінін айта кеткен жөн. Бірақ оның отбасы мүшелері иммунитеттен айырылған.

Бірақ Елбасы заңының күші жойылғаны қарамастан, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қол сұғуға болмайды.

Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев айтты.

– Экс-президенттің жеке басына қол сұғушылыққа келсек, оның ар-ұжданына, жеке басына қол сұғуға болмайды. Ондай жағдай заңмен қудаланады. Талқылауға салынған заңда бұрын оның отбасы мүшелерінің мүлкіне, шоттарына кепілдіктер қарастырылған. Заң қабылданғаннан кейін бұл кепілдіктер жойылады. Президент туралы заңға сәйкес, экс-президенттің отбасы мүшелеріне мұндай кепілдік жоқ, – деді министр.