Семейде шенеунік бір креслоны 38 млн теңгеге сатып алмақ болған

0
209

Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу мониторингі аясында мемлекеттік сатып алу құның 1 млрд тенгеден асыра бағалау фактісін анықтады, деп жазады Kznews.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Семей Мәдениет сарайының басшылығы ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңғыртуды жобалау қызметін сатып алуды жоспарлаған. Осы мақсаттарға мекемеде 1 миллиард теңгеден аса қаржы (1 071 миллион) бөлу қажеттілігі туралы шешім қабылданған. Алайда мұндай қызметтің нақты құны 10 миллион теңгеден аспайды.

Антикордың ұсынған ұсынысынан кейін ғана бұл сома жойылды.

Бұдан бөлек, осы мекеме басшылығы бір данасы 38 миллион теңге тұратын кресло сатып алмақ болған. Бұл ретте оның нарықтағы құны небәрі 150 мың теңге, яғни 200 есе арзан.
фото: abitant.com