Сауда орталықтарында қазақ тілін үйрететін курс ашылмақ
Қазақ тілін үйрететін «Кел сөйлесейік» клубын Өскемен қаласындағы сауда орталықтарында ашу жоспарланып отыр.
Аталмыш курс қазірдің өзінде қала бойынша 4 жерде жұмыс істеп тұр.
Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада қазақ тілін үйрететін курс ашылғанын хабарлаған болатынбыз. Қазір ол жерде мемлекеттік тілді үйренгісі келетін жандарға білікті мамандар сабақ береді.
Мәселен, жақында ғана Гагарин бульварындағы «Борис Щербаковтың жасыл үйінде» ашылған «Кел сөйлесейік» клубында 4-курс студенті Миронова Салтанат сабақ береді.
Қала басшылығының айтуынша, мұндай курстар саны әлі де артпақ. Тіпті халыққа ыңғайлы болуы үшін сауда орталықтарында да ашу жоспарланған.
Айта кету керек, кейбір кәсіпорын басшылары бұл бастаманы қолдап, өз қызмекерлеріне үйрету үшін зауытта да курс ашуға ұсыныс білдірген.