Ресей сарбаздарының жесірлері Путиннен ауқымды мобилизация жариялауды сұрады

0

Телеграм арналардың бірінде #тек_жеңіс хештегі бойынша Ресей сарбаздарының жесірлері Президент Путинге үндеу жариялады. Олар шетелге қашып кеткен азаматтарға наразылықтарын білдірді.

«Біз Ресей сарбаздарының жесірлеріміз, соғыс басталған соң жұбайымызды етектің астына тығып отырмадық. Біз Ұлы Жеңіс үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын әйелдерміз.
Бүгін де Ресейге қарсы әлем зұлымдары мен батыс елдері бірігіп алды.
Не біз, не олар, басқа жол жоқ. Біз Президент Владимир Путиннен еліміздің шекарасындағы барлық жағдайларды ескере отырып, жаңа ауқымды мобилизацияны жариялауды сұраймыз. Ресейде қолына қару алып, жауға қарсы аттана алатын он миллиондаған ер адамдар бар. Олар үйде отырып не бітірмек? Мобилизация — олардың аман қалуына мүмкіндік беретін жалғыз жол.

Қазір саудаласатын заман емес. Иосиф Виссарионович Сталин өз заманында соғыс жағдайларына байланысты #227 Бұйрық шығарды. Біз оны «Бір адым шегінбе» деген бұйрық деп қабылдадық, ол ешкімнің сөзіне құлақ аспады, тек Жеңіске жетуді ойлады.
Біз өз Президентімізден, Жоғарғы бас қолбасшымыздан соғысқа шақырылған азаматтарды Ресей шекарасынан шығармауын сұраймыз. Біз олай айтуға толықтай құқылымыз, себебі соларды қорғау үшін біздің жұбайларымыз қаза болды, ал олар неге қашып кету керек, сонда бізді кім қорғайды?
Сарбаздардың жесірлері мен Ресей де мобилизацияны қолдайды! Бұл біздің өтініш, шешім, талап. Билік бізге құлақ асатынына сенімдіміз.

Фото: ryazan.life