Қазақ ұлттық қыздар педуниверситетінің экс-ректоры жеті жылға сотталды

0

Қарасай аудандық соты «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ бұрынғы ректор — басқарма төрағасы Г.Алдамбергенованы, ректор кеңесшісі Қ. Қожантаевты (Алдамбергенованың туған ағасы) және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Қарасай Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы А. Журуновты 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Қарасай бөлімінің басшысы Д.Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемал 7 жылға бас бостандығынан айырылды.Барлық сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Іске қатысы барлардың заңсыз әрекеттерімен университетке келтірілген залалы 95,5 млн теңгені құрады.

фото: 365info.kz