«Елді жылатты» — Мейіржан Төребаевтың үйіне оралған сәті жарияланды (видео)

0

Мейіржан Төребаевтың үйіне оралған сәті әлеуметтік желіде жарияланды. Балаларының арнайы «Оралуыңмен, әке» деген жазумен плакат жасап, әкесін күтіп алған сәті елді жылатты. Көзіне жас алған балалар мен жұбайы, анасына халық жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Бейнежазба соңына Дана Есеева:

«Алда тағы бір сот процесі бар, Мейіржан оған үйден қатысады. Адвокаттардың жұмысы жалғасады. Ал біз тек дұға етеміз, әділдіктен үміттенеміз. Ниеттеріңіз бен пікірлеріңізге рақмет. Біз сіздердің қолдауларыңызды сеземіз. Балалар бұл плакатты 8 ай дайындады» — деп жазды.