Әйелдер зейнетке 61 жаста шығады — Тоқаев жаңа заңға қол қойды
Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Бұдан былай:
— әйелдер үшін 2028 жылға дейінгі зейнеткерлік жас 61 жас деңгейінде белгіленді,
— жастардың жасы 29 жастан 35 жасқа дейін ұлғайды,
— бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау кезеңінің ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылды.
Фото: almaty.tv