Экономика министрі азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтты

0
176

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров желтоқсан айында азық-түлікке қанша теңге жұмсағанын айтты.

Журналистер Сенаттың жалпы отырысынан шыққан министрден соңғы айда азық-түлікке қанша қаражат жұмсағанын сұрады.

– Баға белгілі бір деңгейде өсті. Оның ішінде сіздер сұраған мандарин де бар. Қанша дегенмен, маусым әсерін тигізіп отыр. Баға 10%-ға көтерілген шығар. Бір айда азық-түлікке 250 теңге жұмсаймын. Желтоқсанда (азық-түлік шығыны – авт.) 25-30 мың теңгеге артты, – деді Әлібек Қуантыров.