Менің арнайтын өлеңімнің үлкен емдік қасиет-қуаты бар, жарқырайсыз, тазарасыз — Балтабек Нұрғалиев

0

Ұлы Абайдан өзін биік санайтын Балтабек Нұрғалиев әр шығарған өлеңіне қанша сұрайтынын ашық жария етті.

«Маған арнап өлең шығарасың ба?» деп жекеме хабарласушылар өте көп. Бірден айтайын, 5 шумақ өлең бағасы 200000 тг. Бұл тек қарапайым халық үшін ғана. Биліктегілерге басқа баға. Каспи голд мына нөмірде: 8-776-740-37-88. Ақшаны аударарда, аты-жөніңізді жазып, қасына «өлең үшін» деп жазсаңыз жөн болады деп ойлаймын. Осы телефон нөмірінде ватсап бар, төлем жасалғаны туралы ақпаратты сонда жібересіз. Үлгерсеңіз, Жаңа жылдық жеңілдікті пайдаланып қалуыңызға болады. Орындар саны шектеулі. Жаңа жылдан бастап баға өзгереді. 5 шумақ 1000000 тг болады. Еліміз аман болсын!

Бір нәрсені айтуды ұмытып барады екенмін. Менің арнайтын өлеңімнің үлкен емдік қасиет-қуаты бар, жарқырайсыз, тазарасыз. Жолыңыз ашылады. Бірақ ақша төлейтін кезде, бүріспей-тырыспай, шын көңілмен берген абзал. Себебі басқалай жағдайда кері әсері болуы мүмкін. Солай», — деп жазды ақын.