Қостанайда Chevrolet автокөлігі шығарылады

0

Өзбекстанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен осы елдің президенті Шавкат Мирзияев бірлескен нысандардың құрылысын салтанатты түрде бастау рәсіміне қатысты.

Мемлекеттер басшыларына Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бірлескен жобалардың іске асырылуы жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілді. Атап айтқанда, Қарағанды облысында тұрмыстық техника, Шымкентте инфузиялық ерітінді, Қостанайда Chevrolet автомобильдерін шығаратын жоба іске қосылады.

Өз кезегінде Өзбекстанның Науаи облысында минералды тыңайтқыштар өндірісіне, Ташкент облысында логистикалық орталық пен Ташкент қаласында тұрғын үй-коммерциялық инфрақұрылымының құрылысына қатысты жобалар жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзияев бірлескен жобалардың табысты жүзеге асуына тілектестік білдіріп, нысандардың құрылысын салтанатты түрде бастап берді.