«Жарайсың»: Науқас балақайды іздеп барған Димаш Құдайбергенге желідегілер сүйсінді (видео)
Димаш Құдайберген өзінің кішкентай тыңдарманын арнайы іздеп барып қуантты. Науқас балақайға бақыт сыйлаған әншінің әрекеті желі қолданушыларын сүйсінтті, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Дулат есімді балақайдың туысы Tiktok желісінде жариялады. «Үйге қазақтың атын паш еткен Димаш ағасы келіп, жиенімді бір қуантты. Қандай қарапайым, мейірімді. Алла разы болсын», — деп жазды желі қолданушысы. Видеодан Димаштың үйге тосыннан кіріп келгенін көруге болады. Сәлден соң әнші балақайды көтеріп, құшағына басқан. Видеода Дулат балақайда Димаштың мойнынан қысып құшақтап, мәз болады. Ал желі қолданушылары Димаш Құдайбергеннің адамгершілігіне риза болды. «Жарайсың, Димаш», «Қандай керемет мейірімділік», «Нағыз азамат екен», «Сауығып кет, Дулат», «Димаш деген атыңнан айналайын. Қазақтың кең жүректі, ақ маңдайлы ұлы», «Бала бір қуанып қалды. Жарайсың, Димаш. Өсіп, өне бер», «Димаш қандай мейірімдісің», «Өмір қамшының сабындай қысқа ғана», «Тәрбиесі мықты жігіттердің бірі. Ата-анасына мың алғыс», — деп жазды желі қолданушылары.