Талдықорғанда «ҚазАгроҚаржы» филиалының экс-директоры өлі табылды

0

Талдықорғанда «ҚазАгроҚаржы» филиалының Алматы облысы бойынша экс-директоры өзінің жол талғамайтын көлігінен өлі табылды, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 13 желтоқсанда таңертең Көктем шағынауданында болған.

Полиция мәліметінше, 47 жастағы жергілікті тұрғынның денесі Toyota Hilux Pick Up көлігінің салонынан табылған.

«Ер адам атыс қаруын қолданып өз-өзіне қол жұмсаған деген болжам бар. Қажетті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу басталды», — деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаменті.

«ҚазАгроҚаржы» марқұмның Алматы филиалының экс-директоры Ержан Устаев екенін растады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ ұжымы Ержан Устаевтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Ержан Устаев біздің компанияда 21 жылдан астам еңбек етіп, Жетісу өңірінің (Алматы облысы) ауыл шаруашылығы саласының дамуына зор үлес қосты. Біз Ержанды жанашыр, шыншыл адам ретінде білдік», — делінген хабарламада.

фото: nege.kz