«Бас бармақтарында жүзік болады». Шымкенттік қыз лесби қыздарды қалай ажыратуға болатынын ашық айтты

0

Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны өзінің лесбиянка екенін толыққанды түсініп, ата-анасына айтуға батылы жетпей жүрген көрінеді.  

Қаймағы бұзылмаған қазақи өңірдің қызы өзі сияқты лесби қыздарды қандай белгілері арқылы ажыратуға болатынын түсіндірді және өз құпияларымен бөлісті. 

Caravan.kz медиа порталы тілшісімен сұхбаттасқан Жансая Бекмұрат есімді Шымкент өңірінің тумасы қазіргі таңда өзінен 2 жас үлкен қызбен жақын қарым-қатынаста екен. Бір сөзбен айтқанда «жан жақындығымыз да, тән жақындығымыз да бар», дейді.

— Жансая,  қоғамда лесби қыздарды қалай ажыратуға болады?

— Лесби қыздарды өзге қыздардан оңай ажыратуға болады. Бас бармақтарында жүзік болады. Атмосфералары өзгеше болады. Олардың темекі шеккені де өзгеше болады. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Әйтеуір, кездескенде бір-бірімізді бірден сезіп, біліп тұрамыз. Және бір-бірімізге жақындай бастаймыз. Олардың көзқарастары да ерекше болады.

— Қашаннан бастап өзіңіздің лесби екеніңізді білдіңіз?

— Кішкентай кезімде журналдарды ашып, қыздардың суретін көргенде олардан қатты ләззат алатынмын. 14 жасымда көрші қызға ғашық болдым. Бірақ ол бұл ойымнан бейхабар еді. 16 жасқа толғанымда ата-анам менің жыныстық қатынас жайлы жазған хатымды оқып қойды. Бірақ оны балалығыма балады. Қазір ата- анам менің тұрмысқа шыққанымды қалап, небір жігіттермен таныстырады. Ешқайсысы ұнамайды маған. Тіпті бет бұрыпта қарағым келмейді.

— Өміріңізде қызбен жүріп көңіліңізді қалдырған сәт болды ма?

— Мен опасыздықты талай бастан кештім. Үш жыл бір қызбен кездесіп жүрдім. Кейін оның ер адамға тұрмысқа шыққаны, маған ауыр соққы болды. Менімен кездескен қыздарда маған деген тек симпатия болады. Яғни, менің сезіміме жауапсыз қарайды. Алайда, маған төсек қатынасты маңызды нәрсе емес. Бастысы, маған да шынайы болатын махаббатымды кездестірсем екен деймін.

— Сонда ер азаматқа тұрмысқа шығудан түбегейлі бас тарттыңыз ба? Және бұл ой уақытша деп ойламайсыз ба?
 Маған ер адам ешқандай сезім алып келмейді және келмеген де. Үш жыл жүрген қызым тұрмысқа шығып кеткенде менде оған қасарысып тұрмысқа шығамын деп ер адаммен жүріп кеткім келді. Қаншама жігіттер сөз айтты, біреуін таңдап жүріп көрмекші болдым. Бірақ ешқандай сезім, махаббат, симпатия болған жоқ. Күнде сыйлықтарын, гүлін алып келеді, ал мен тіпті оның қолын ұстауға да жиіркеніп тұрамын. Бірге серуендеп жүргенде оның бар ойы мен болсам, менің бар ойым қасымнан өткен әдемі қыздарда болады. Бұл уақытша құбылыс деп ойламаймын, ойым өзгерсе 9 жылдан бері өзгеретін еді.

 Ата-анаңыз бұл жайлы білсе сізге деген көз-қарасы қалай болмақ? 
— Ата-анам қазақи отбасынан шыққан, қарапайым адамдар, оларға бұл жағдай өте ауыр тиері сөзсіз. Сол себепті оларға айтуға батылым жетпей жүр, бірақ менің 25 жасқа келіп әлі бір жігітпен қарым-қатынасым жоқ екенін біледі. Бұрынғы жүрген қызымды ата-анам құрбым деп ойлайды. Барып қайтпайсың ба? Сені сұрап хабарласты деп айтады маған, құрбың тұрмысқа шығып бақытын тапты, барып қасында болып қайтсаңшы саған жұғысты болсын дейді. Ал, ол екеуіміздің арамызда не болғанын тіпті білмейді де ғой.

— Бұрын жүрген қызым дедіңіз, сіз сонда қарым-қатынаста ер адамның рөлін атқардыңыз ба? 

— Иә, мен — пассив ол-актив рөлін алды. Себебі ол: сызылып қалған, нәзік өте сүйкімді еді. Мен оған қатты ренжіп қалғанмын. Бірақ ол маған тұрмысқа шықтым деген жәй атауы ғана мен сені сүйем деп көп айтады. Түнде телефоныма хат жазады. «Сені құшақтап ұйықтағым келеді, өтінем келші 3 күнге болса да«, деп. Мен оның құрбысы болып баруым керек екен. Ондайға мен шыдай алмаймын, оны басқа еркекпен көру өте жаман сезім, ауыр тиеді маған. Жаңадан тұрмысқа шыққаннан соң, ол әзірге Шымкентке келе алмайды, бірақ маған Алматыға келші деп жалынып жүр. Шынымды айтсам әрең жүрмін. Оны қатты сағындым, ол кеткен соң ешқандай қызға дәл солай ғашық болмадым. Ойланып жүрмін, оған қатты барғым келеді. Ол сыйлаған ләззатты маған басқа ешқандай қыз сыйлай алмады. Сіздер қызбен сүйісудің, қызбен құшақтасудың қандай ғажап екенін білмейсіздер. Сондықтан ерсі көресіздер. Ал шын мәнінде оны бастан өткеріп сезіне білу керек. Сонда ғана түсінесіздер.