«Қажылықтың қадірін кетірмеші»: Айгүл Елшібаева Меккеде жүрген Құралай ханымға шүйлікті

0

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева психологиялық тренингтер өткізіп жүрген Құралай ханымға қатысты тағы да жазба жариялады.

Бұл жолы Құралай Ошақбаеваның Мекке қаласында мұсылмандық парызын өтеп жүріп тікелей эфирге қосылып, бата бергенін сынға алды.

«Қазақта қатын халыққа бата бере ма? Жасы үлкен көп жасаған кейуана емессің. Қазаққа аты шыққан данагөй қарт, тура жолға салған ел анасы емессің. Адастырғаның болмаса, қажылықтың қадірін кетірмеші, Құрапай. Қажылыққа 100-рет барған имам да бұлай бата бермеген шығар. Дін деген реклама, мақтаныш, рия деп түсінгенді қашан қояды екенсіңдер?», — деді Айгүл Елшібаева.

Айта өтейік, бұған дейін Айгүл Елшібаева Құралай ханымның күмәнді дұғалар үйретіп жүргенін жазған.

Енді Айгүл Елшібаева: «Құрапа, Қасиетті Меккеде отырсың. Менің айтқаным дұрыс екенін, абжатты Бердияр қаридан алып теріс үйреткеніңді мойында. «Енді ондай гипноз шамбалы, 40-күндік дұға, «рецепт счастья», Сюцай — буддизмді насихаттап, буддисттердің иогасы, Тектану деп ата бабаның суретіне иілу, Правдинаның мантрасын, буддизмнің чакрасын насихаттауды қойдым, елді адастырдым» деп жаз», — деп отыр.

Сондай-ақ, Құралай ханымның оның дұғаларының кесірінен отбасы ойран болған елден кешірім сұрау керектігін жазыпты.