Даниал Ахметов ШҚО әкімі қызметін сақтап қалды

0

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», — делінген хабарламада.

Даниал Ахметов 60 жаста. Ол Павлодар индустриялық институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын өнеркәсіп шебері болып бастады, кейін «Павлодаржилстрой» тресінде жұмысты өндіруші болып қызмет етті. 1992-1993 жылдары ол Екібастұз қалалық әкімшілігіне жетекші болды. Содан кейін Павлодар облысының әкімі, кейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған.

1999 жылы Даниал Ахметов ҚР Үкіметі басшысының орынбасары, кейін бірінші орынбасары болды. Бұл қызметте ол өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация мәселелерін қадағалады. 2001 жылдың қараша айында қайтадан Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. 2003 жылдың маусымында ҚР Премьер-министрі болды. 2007 жылы отставкаға кетті. Кейін Президенттің жарлығымен Қорғаныс министрі болған. Бұл қызметте 2009 жылға дейін жұмыс істеді. 2010 жылы желтоқсанда экологиялық энергетика саласындағы компаниялардың біріне басшы болды.

Кейін Ахметов Қазақстанның атынан Еуразиялық экономикалық комиссияға Алқа мүшесі (министр) болып тағайындалған.