Ұлытау облысында кәсіби футбол клубы құрылады

0
41

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен «Қазақстан футбол федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігі қауымдастығының президенті Әділет Барменқұлов ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Бұл туралы Kznews.kz тілшісі аталған өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті құзырлы орган мәліметінше, меморандум аясында Ұлытау облысында кәсіби футбол клубын құру жоспарланған.

«2023 жылдың наурыз айында басталатын футболдан Қазақстан чемпионатының екінші лигасына қатысуға өтінім беру үшін Ұлытау облысынан құрылатын футбол командасы барлық күш-жігерін жұмсау керек. Бұл бағыттағы жұмыс бюджетке қосымша жүктемесіз жүргізілетін болады. Жұмыс бірден үш бағытта басталады: облыстық футбол федерациясын ашу, кәсіби футбол клубы мен балалар-жасөспірімдер академиясын құру», — деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта Ұлытау облысының екі қаласы мен бір ауданында футбол секциялары бар. Онда жалпы саны 930 жасөспірім футболмен айналысады.