Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы басты назарда

0

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – мемлекеттік органдар қызметін жетілдіруге арналған негізгі құжат десем артық айтпаған болармын.

Көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тапқан Мемлекет басшысының тұжырымдамасын іске асыру, мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну, азаматтардың өтініштерін, шағымдарын жедел әрі тиімді қарастыру және қойылған сұрақтардың шешілуін қамтамасыз ету, қызмет алушының ризашылығын арттыру бойынша кешенді іс-шаралар қабылдау және мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша талдау жұмыстарын жүргізу барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың басты міндеті.

Жетісу облысы бойынша жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізімі 295 мемлекеттік қызметтен тұрады. Оның 289-і (98%) электрондық нұсқада ұсынылады.

Мемлекеттік органдардың есептік мәліметтеріне қарағанда, биылғы ІІІ тоқсанда Жетісу облысында 1076307 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар 916 866 мемлекеттік қызмет (жалпы көрсетілген қызмет санының 85,18%) ұсынса, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері 159 441 мемлекеттік қызмет (жалпы көрсетілген қызмет санының 15%) көрсеткен.

Облыстағы жергілікті атқарушы органдар көрсеткен жалпы қызмет санының 95%-ы электронды нұсқада ұсынылса, 1,27% мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді. Ал орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметтердің 79%-ын электронды түрде, 19%-ын мемлекеттік корпорация арқылы көрсеткенін айта кету керек.

Биыл жыл басынан мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тәртібін үйрету бойынша өткен 455 іс-шараға 156 123 тұрғын қатысты. Оның ішінде электрондық мемлекеттік қызмет алуды халық арасында насихаттау үшін телеарнада 5 бағдарлама көрсетіліп, мерзімді баспасөзде 42 мақала жарық көрді. Одан бөлек, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру үшін Департамент бастамасымен халықпен кедергісіз байланыс орнатуды, мемлекеттік қызмет көрсету саласында ашықтықты және есептілік қағидаттарын іске асыруды, мемлекет пен халық арасында сындарлы қоғамдық диалог орнатуды мақсат ететін «QYZMET LIVE» жобасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, аудан, қала әкімдері аппараттарының фейсбук, Instagram сынды әлеуметтік желі парақшаларында 57564 жазылушы қамтылған 73 тікелей эфир жүргізілді. Тікелей эфир барысында қызмет алушылардың 183 сұрағына тиісті жауап берілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы бекіткен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету саласында ашықтық және есептілік қағидаттарын іске асыру, халықпен кедергісіз байланыс орнату мақсатында өңірлік мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласының жай-күйі мен жағдайы туралы «Елге қызмет» арнайы телеарналық бағдарламасын барлық қала мен облыс орталықтықтарында ашу тапсырылған болатын. Бүгінде облыс әкімдігі мен «Жетісу» ТРК қолдауымен «Елге қызмет» бағдарламасы жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Департамент пен халық арасында электрондық қызметтерді алуды насихаттау бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп отыр. Электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыста ашылған 1 051 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының 742-сі аудан орталықтарында, 125-і ауылдарда орналасқан. Осы бұрыштар арқылы 19 450 мемлекеттік қызмет көрсетіліп келді.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолайлы жағдай жасау үшін 2018 жылдан бастап 13 сервистік әкімдік ашылған болатын. Оның ішінде 3 сервистік әкімдік Қаратал ауданының Бастөбе ауылында, Сарқан ауданының Черкаск ауылында, Алакөл ауданының Қабанбай ауылында құрылды. Бүгінгі күні «сервистік әкімдіктер» арқылы 23 400 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Бір айта кетерлігі, атқарылып жатқан іс бір орнында тоқтап қалған жоқ. Жыл сайын заң талаптары да жетілдіріліп, түрлі өзгерістерге орын берілуде.

Бүгінде Агенттік басшылығының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін реттеуге бағалау жүргізу кезінде құқықтық қайшылықтар мен олқылықтарға, бизнес-процестердің тиісінше реттелмеуіне, әкімшілік кедергілерге және артық талаптарға, сәйкессіздікке және лингвистикалық белгісіздікке назар аударылып, ақпараттық жүйелердің мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік қызметті жетілдіру, ықпалдастыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды, проактивті және композиттік форматқа көшіру бойынша Департамент мамандары бірқатар ұсыныс жолдады.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер саласында мониторинг жасалды және денсаулық, әлеуметтік салаларына талдау жүргізіліп, қорытындысы бойынша тиісті ұсыныс енгізілді.

Қобылан МАНАП,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы