«Менімен жатқың келе ме?» – Қазылар алқасына ән арнаған қыз сынға ілікті
Жайдарман ойындарының бірінде ән арнаған ойыншы желідегілердің қызу талқысына түсті.
Бұл туралы kznews.kz сайты caravan.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
«Сәлемдесу» кезеңінде әнмен шыққан жайдарман тобының мүшесі:
«Мені құлатқың келе ме? Мені атқың келе ме? Әлде өзіңе тартқың келе ме? Менімен жатқың ….», — деген рэп орындады.
Залдағы көрермендерді күлкіге қарқ қылғанымен, желі оқырмандарының сынына ілікті.
Желі оқырмандары: «Осыны да ән дейді-ау», «Масқара», «Мәдениет дейді бұны», «Оооой, әзіл ғой құрсын», «Сонша не болды», «Юморды юмор қып қабылдаңдаршы», — деп пікір қалдырды.