Сирия Түркияға ескерту жасады

0
571

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Сирия мен Ирактағы күрдтердің позицияларына әуеден соққы бергеннен кейін құрлық операциясын бастау мүмкіндігін қарастыруда.

Дамаск жауап ретінде Түркияның Сирияның солтүстігіндегі әскери шабуылдарын айыптап, одан кейінгі соққылар екі ел әскерлерінің тікелей қақтығысына әкелуі мүмкін екенін айтты.

Сирия Парламенті халықаралық комитеті төрағасының орынбасары Аммар Әл-Асад Дамаск «Сирияның солтүстігінде түрік операциясына бейжай қармайтынын» мәлімдеді.

– Егер Түркияның мақсаты шынымен де «террористерді жою» болса, онда олар Сирия үкіметімен тікелей келісуі керек, – деп мәлімдеді Сирия Парламенті.

Әйтпесе, Сирия бұл шабуылдарды елдің тәуелсіздігіне нұқсан келтіру деп санап, оған барлық қол жетімді құралдармен, соның ішінде қарулы күрестермен жауап беретінін жеткізді.

Еске салсақ, Сирияда 30-ға жуық адамның өмірін қиған әуе шабуылдары 13 қарашада Ыстамбұлда алты адамның өмірін қиған шабуылға жауап ретінде жасалды және Анкара бұған күрд «терроршыларын» айыптайды.

Сондай-ақ Ердоған Ресейді Сириядағы келісімдерді орындамады деп айыптады.

Ол 2019 жылы Сочиде жасалған келісімдерді еске салды, оған сәйкес ресейлік тарап Сирияның кейбір аймақтарын лаңкестерден тазартуды өз мойнына алды.