«Соғысты қолдаған Аляутдинов Астанаға келмесін»: Әлемжелі қолданушылары ресейлік дінтанушы жайлы

0

Әлеуметтік желіде ресейлік дінтанушы Шәміл Аляутдиновтың Астанадағы форумға қатысуы қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

4 желтоқсанда Астанада «Жаңа шынайылық» атты үлкен форум өтеді. Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, ол форумға белгілі қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембай, блогер Бейбіт Әлібеков пен ресейлік дінтанушы Шәміл Аляутдинов қатыспақ. Әлеуметтік желі қолданушылары Аляутдиновтың Украинадағы соғысты қолдап сөйлеген сөзін бөлісіп, форумға оның қатысуына жол бермеу керек деп пікір білдіріп жатыр.

«Бұндай қөзқарасы бар адам қазақ елінің жас азаматтарын не үйретпек, имам ретінде қандай уағыз айтпақ? Желтоқсанның басында Алматыда үлкен форум өткіземін деген жарнамасын байқадым. Тәуелсіз мелекетке қарулы әскермен күштеп кіріп «тәртіпке» келтіру керек дегенді қолдаған болса, ертер жеме-жемге келгенде бізді де жақтай қоймас.  Керек пе ол бізге? Мухоряповтің бір түрі емес пе «өзіміздікі-біздікі» деп жүргенде , арғы жаққа аунап түсетін?» — деп жазады Мұрат Әбенов әлеуметтік желіде.

Ал Арсен Исламов атты азамат «соғысты қолдайтын Шәміл Аляутдиновтың Қазақстанда жүретін жөні жоқ» дейді.

Жігіттер намыстарың қайда?

Ал Жанар Нұрлыбек атты азамат Шәміл Аляутдиновтың туыстарымен «соғыстағы окопта емес, Ақтөбедегі форумда» жүргенін сынға алады.

«Онымен бірге бір сахнада Бейбіт Әлібеков пен «кофе магнаты» Аят Әзімов, бизнес-тренер Тимур Құдайбергенов сөз сөйледі. Жігіттер, намыстарың қайда?» — дейді ол.

Асқар Жаппаров та атты азамат Аляутдиновтың «Украинадағы жаппай қантөгісті қолдайтынын» жазады.

«Ұйымдастырушылар оның біздің елге керексіз адам екенін білуі тиіс. Біз мұндайларға төзбейміз», — деді ол.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желідегі сыннан кейін Алматыда ресейлік әнші Полина Гагаринаның концерті өтпейтінін кеше хабарлаған едік. Полина Гагарина 14 ақпанда «Алматы Аренада» өнер көрсетуі керек еді. Оның шоу-бағдарламасының «Обезоружена» деген екіұшты атауы да жұрттың қызу талқысына түскен. Гагарина өзінің сапарын сынаған қазақ жұртшылығының алдында шынымен де «қарусыз» қалған болып шықты. Отандастарымыз Гагаринаның Украинадағы соғысты ашық қолдап, бейбіт елге келетініне наразы болған.