2023 жылы еліміздегі бірқатар мәденишара ТҮРКСОЙ ұйымы деңгейінде өтеді
Келер жылы мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы, ақын Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы, актриса Бикен Римованың 100 жылдығы тек ел ішінде ғана емес, ТҮРКСОЙ ұйымы деңгейінде аталып өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәдениет жәнеспорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемежасап хабарлайды.
Мәдениет және спорт министрлігі Бурса қаласында өтіп жатқан ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысы барысында халықаралық ұйымға мүше мемлекеттермен осындай келісімге келді. Бұл ұсынысты министр Дәурен Абаевқа халықпен кездесулер барысында ел азаматтары жеткізген болатын. Өтініштер қарастырылып, Мәдениеткомитетіне тиісті тапсырмалар берілген еді.
«Министрлік алдағы уақытта бірнеше іс-шараныТҮРКСОЙ ұйымымен бірлесіп өткізуге ниетті. Солардың қатарында материалдық емес мәденимұраларды насихаттау бойынша «KYMYZFEST» фестивалін ерекше атап өту қажет. Біз қазақкиноларына да халықаралық деңгейде қолдаукөрсеткіміз келеді. Сондай-ақ, түркі халықтарыныңортақ тарихын ескере отырып, символизм мен геральдикалық элементтерді зерттеу бойыншажұмыстар жүргізетін боламыз. Қазақстан тарапынанайтылған ұсыныстардың бәрі бауырлас халықтардыңбай тарихын тереңірек түсінуге, сондай-ақ түркітілдесмемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуғанегіз болады», — деді аталған жиынға қатысқан ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова.