Толғағы келген әйелді жеткізбек болған: Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі өртенді

0
190

Толғағы келген әйелді тасымалдаған жедел жәрдем көлігі Алматы-Өскемен тасжолында өртенді, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, 8 қарашада Жетісу полиция автопатрулі жедел жәрдем көлігінің жолда өртенуіне байланысты толғағы жеткен әйелді ауруханаға жеткізген.

«Дәрігерлер босанайын деп жатқан пациентті Қабанбай ауылынан Үшарал қаласына жеткізуге тырысқан. Алайда жолда жедел жәрдем көлігінен ақау шығып, толғағы келген әйелді полиция қызметкерлері Айдын Ғазизов пен Данияр Жақсыгелдинов полиция автопатруліне отырғызып, жедел түрде ауруханаға жеткізді. Онда қажетті көмек көрсетілді», — деп хабарлады облыс ПД ПБП командирінің орынбасары Абылай Беркендіков.

Жедел жәрдем қызметкерлері патрульдік полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткені үшін алғыс айтты.