Азия чемпионаты: Шымбергенов, Бекбауов және Ташкенбайдың келесі қарсыласы кім

0

Кеше, 4 қарашада Йорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында үш боксшымыз шаршы алаңға шығып, қарсыластарынан басым түсті, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

6 қараша күні Дулат Бекбауов (67 келіге дейінгі салмақ) тағы шаршы алаңға көтеріледі. Отандасымыздың ширек финалдағы қарсыласы — Қырғызстан өкілі Жақсылық Талайбеков. Ол 1/8 финалда түркіменстандық боксшы Сапармурат Одаевтан басым түсті. Ал өзбекстандық Асылбек Жалиловты жарыс жолынан шығарған Санжар Ташкенбай (48 келіге дейінгі салмақ) жексенбі күні жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы — қырғызстандық Мирлан Түрікбайұлы. Байрақты бәсекедегі алғашқы кездесуін нокаутпен бастаған Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейінгі салмақ) болса ширек финалда үндістандық Сачинмен кездеседі. Айқас 7 қарашада болады деп жоспарлануда.

Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Йорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек. Турнирде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды. Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.