Петропавлда лифт тросы үзіліп, бір адам қаза тапты

0

Петропавлда лифт тросы үзіліп, бір адам қаза тапты, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«4 қарашада Петропавлдың Полиция басқармасына Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты үйде лифтіге күрделі жөндеу жүргізу кезінде трос үзіліп, 8-ші қабаттың биіктігінен 39 жастағы ер адам шахтаға құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті», — делінген хабарламада.

Ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында қаза тапты.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді. Оқиға орнында Петропавл прокуратурасының және ПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.